РУС ENG
4 ноября, 2026

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ ЖАЛҒАСУДА

Қала аумағындағы байланыс сапасын арттыру мақсатында 2023 жылы жүргізілген талдау нәтижесінде анықталған 147 проблемалық нүктені жою бойынша жол картасы әзірленді. Соңғы үш жылда 291 жаңа базалық станция іске қосылып, 398 базалық станция жаңғыртылды. Бүгінде 352 базалық станция 5G технологиясында жұмыс істейді. Нәтижесінде байланыс сапасы төмен аумақтар саны 29 нүктеге дейін қысқарды.

Қала аумағында талшықты-оптикалық байланыс желісі 68 шағын аудан мен елді мекенді толық қамтыды, ал жыл соңына дейін тұрғындардың барлығын кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету жоспарлануда.
Ақпараттық қауіпсіздік саласында Қазақстан Республикасы Үкіметінің №832 қаулысы талаптарына сәйкес жүйелі жұмыстар атқарылуда. 2023–2025 жылдары Firewall, Kaspersky антивирусы, DLP және СКУД жүйелері орнатылып, серверлік жабдықтар жаңартылды. 2025 жылы жүргізілген мониторинг барысында 140 қауіпсіздік бұзушылығы анықталып, толықтай ретке келтірілді. Мемлекеттік қызметкерлер үшін киберқауіпсіздік бойынша тұрақты семинарлар ұйымдастырылуда.
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қала аумағындағы 11 800 бейнебақылау камерасының бейнесі Полиция департаментінің «Жедел басқару орталығына» шығарылған. Оның ішінде «Сергек» жүйесі, «Қауіпсіз аула» бағдарламасы, білім беру ұйымдары, қоғамдық орындар, базарлар, саябақтар мен стратегиялық нысандар толық қамтылған.
2025 жылғы мекенжай бағдарламасына сәйкес, қала әкімдігінің тапсырмасы және тұрғындардың өтініштері негізінде қосымша 4 425 бейнебақылау камерасын орнату жоспарланып, кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Бұл шаралар қаладағы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыруға бағытталған.