РУС ENG
4 ноября, 2026

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЦИФРЛЫҚ ДАМУ ТАРИХЫНДА ЖАҢА КЕЗЕҢ БАСТАЛДЫ

Digital Almaty енді Digital Qazaqstan атауымен республикалық деңгейге шығып отыр.
Бұл — еліміздегі технологиялар, инновациялар мен жасанды интеллект бағытындағы бастамаларды бір арнаға тоғыстыратын ұлттық платформаға айналғанының айқын белгісі. Digital Qazaqstan цифрлық күн тәртібін кеңейтіп қана қоймай, өңірлерді белсенді тартуға, озық технологияларды нақты экономикаға енгізуге жаңа мүмкіндік ашады.
Ең маңызды жаңалық — енді Digital Qazaqstan жыл сайын еліміздің әртүрлі қалаларында өтеді. Бұл формат өңірлік цифрлық экожүйелерді нығайтып, бизнес, мемлекет және технологиялық қауымдастық арасында тәжірибе мен білім алмасуды жаңа деңгейге көтереді.
Digital Qazaqstan жолындағы алғашқы қадам ретінде индустриялық әлеуеті жоғары, экономикалық тұрғыда қарқынды дамып келе жатқан Шымкент қаласының таңдалуы — символдық әрі стратегиялық шешім.
Осылайша, цифрлық трансформация елдің барлық аймағына бірдей серпін беретін жаңа ұлттық қозғалысқа айналуда.
Digital Qazaqstan 2026 Шымкент қаласындағы Қызғалдақ сарайында 2026 жыл 27 наурызда өтеді.
Бұл — бір күндік іс-шара емес, Қазақстанның цифрлық болашағына жасалған маңызды қадам.