РУС ENG
4 ноября, 2026

Шымкентте биыл 137 нысанның құрылысын салу жоспарланған

Биыл Шымкент қаласы құрылыс басқармасы тарапынан 144,1 млрд. тенгеге 103 жоба немесе 137 нысанның құрылысын салу жоспарланған. Оның ішінде 116 нысанның құрылысы жыл соңына дейін тапсырылатын болады. Қалған 21 нысанның құрылысы 2025 жылға өтпелі.

Атап айтқанда: 77 көпқабатты тұрғын үй (3 382 пәтер, 275,0 мың шаршы метр), 12 инженерлік инфрақұрылым жүйелері, 11 білім нысандары, 4 мәдениет, 2 спорт,  2 төтенше жағдай, 1 қорғаныс, 1 900 пәтер сатып алу (900 пәтер жастарға, 1000 пәтер халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына), 2 саябақ , 1 әлеуметтік нысан, 2 ауылшараушылық, 4 мемлекеттік органдар, 18 жайлы мектеп.

2024 жылы құрылыс басқармасы тарапынан 275,0 мың шаршы метрді құрайтын 3 382 пәтерлі 77 көпқабатты тұрғын үйдің (Тұран ш/а-2 үй, Бозарық-42 үй, Ақжайық ш/а-33 үй) құрылысын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде:  арендалық 8 үй (828 пәтер) (Тұран ш/а-2 үй, Бозарық ш/а-6 үй); кредиттік 69 үй (2554 пәтер), (Бозарық ш/а-36 үй, Ақжайық ш/а-33 үй).

Ағымдағы жылы 77 тұрғын үйден 207,6 мың шаршы метр құрайтын 2 670 пәтерлі 66 тұрғын үйді (кредиттік-62, арендалық-4) пайдалануға тапсырылатын болады. Оның ішінде ағымдағы жылдың наурыз айында 180 пәтерлі (14,0 мың шаршы метр) 2 тұрғын үй пайдалануға тапсырылды.

Ал, 67,3 мың шаршы метр құрайтын 712 пәтерлі 11 тұрғын үйдің (Ақжайық ш/а-7 үй, Бозарық ш/а-4 үй) құрылысы 2025 жылға өтпелі.

Бұдан бөлек, Шымкент қаласындағы жастарға және халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған 1900 пәтер сатып алуға бюджеттен 34,9 млрд. теңге қарастырылған (ЖБ–30,1 млрдр.тг., РБ–4,8 млрд.тг).

Оның ішінде жұмыс жасайтын жастарға 900 пәтерді және халықтың әлеуметтік осал топтарына 1000 пәтерді, нарықтан сатып алу жоспарланған.

Сонымен қатар, 100 көпқабатты тұрғын үйдің (Бозарық-4, ақжайық-9, Тұран-87) ЖСҚ-сы әзірленуде.