Соңғы жылдары қалада жол құрылысы бұрын соңды болмаған қарқынмен дамуда
Статистикаға сәйкес автокөлік көбеюі жағынан елімізде көш бастап тұрған қалалардың бірі — Шымкент қаласы. Осыған орай, соңғы жылдары қалада жол құрылысы бұрын соңды болмаған қарқынмен дамуда.
Шымкент қаласы бойынша жолдардың жалпы ұзындығы 3 247,6 шқ. құрайды. Оның ішінде: асфальтбетонды жабындысы – 2312,3 шақырым, шағал тас – 831,4 шақырым, топырақ жолдар — 103,9 шақырымды құрайды.
Жыл соңына дейінжолдың жақсы және қанағаттанарлық жағдайын 71,2% жеткізу мақсатында жұмыстар жүргізілуде.
2024 жылы Шымкент қаласының жол желісін дамыту 47 нысанды немесе 159,6 шақырым жол жөндеу жұмыстарын қамтиды. Оның ішінде: құрылыс және қайта жаңғырту – 17 нысан немесе 49,9 шқ; күрделі жөндеу – 2 нысан немесе 17,1 шқ; орташа жөндеу 29 нысан немесе 92,6 шқ.
Жыл қорытындысымен 35 нысан немесе 113,2 шақырым жолды пайдалануға беру жоспарлануда.
Жол-көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Шұңқырларды жамау — 120 000 м2
Аялдамаларды сырлау – 110 дана
Жиек тастарды сырлау – 10 200 м
Темір қоршауларды сырлау – 32 500 м
Жол белгілерін сырлау — 1200 дана
Жол белгілерін орнату – 1792 дана
Аяқ жолдарды ретке келтіру – 1450 м2
Аяқ жол салу – 4900 м2
Қалқымалы құдықша орнату – 101 дана
Тегістеу қабатын салу – 27 көше
Аялдамаларды ретке келтіру — 92 дана
Су құбырларын орнату – 125 метр
Шағал тас төсеу (ГПС) – 1500 м2
Көшелерді қосу – 1 көше
Асфальт қабатын жаңарту – 4 көше
Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз бойынша 450 шқ. жолдарды таңбалау жұмыстары, 85 000 м2 шұңқырларды жамау, тегістеу қабаттарын салу, тротуарларда пайда болған ақауларды жою жұмыстары 296 бағдаршам нысанын, 16 500 дана жол белгілерін күтіп ұстау, 16 дана жаңа бағдаршам орнату, 4000 дана жол белгілерін орнату жұмыстары атқарылуда. Ағымдағы жылы 800 метр жасанды жол кедергілер орнатылды.
Жол қиылыстары мен көлік өткізу қабілетін арттыру мақсатында жыл соңына дейін 190 бағдаршам нысанында интеллектуалды көлік жүйесін енгізу жоспарлануда. Жоспар бойынша 2026 жылға қарай қаладағы барлық бағдаршамдар толық интеллектуалды көлік жүйесі ITS-ке қосылады.
