РУС ENG
13 января, 2025

2024 жылы Шымкент қаласында 119 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталады

2024 жылы Шымкент қаласының құрылыс басқармасы тарапынан 112,2 млрд. тенгеге 103 жоба немесе 131 нысанның құрылысын салу жоспарланған. Оның ішінде 119 нысанның құрылысы жыл соңына дейін тапсырылатын болады. Қалған 12 нысанның құрылысы 2025 жылға өтпелі.

Атап айтқанда:

  • 73 көпқабатты тұрғын үй (2950 пәтер, 239,0 мың шаршы метр) /66 тапсырылады, 2 670 пәтер, 207,6 мың шаршы метр/;
  • 12 инженерлік инфрақұрылым жүйелері /11 тапсырылады/;
  • 11 білім нысандары /10 тапсырылады/;
  • 4 мәдениет /4 тапсырылады/;
  • 2 спорт /2 тапсырылады/;
  • 3 төтенше жағдай /1 тапсырылады/;
  • 1264 пәтер сатып алу /900 пәтер жастарға, 364 пәтер халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына/;
  • 2 саябақ /1 тапсырылады/;
  • 1 әлеуметтік нысан
  • 2 ауылшараушылық /2 тапсырылады/;
  • 1 қарулы күштер /1 тапсырылады/;
  • 3 мемлекеттік органдар /2 тапсырылады/;
  • 18 жайлы мектеп /12 тапсырылады/.

2024 жылы қала аумағында 12 инженерлік инфрақұрылым нысанның құрылысын жүргізу жоспарланған. Оның, 11 нысаны 2024 жылдың қорытындысымен пайдалануға тапсыру жоспарланған. Атап айтқанда:

  • Бозарық ш/а — 7 нысан;
  • Тұран ш/а – 3 нысан;
  • Әкімішілік іскерлік орталығы – 1 нысан;
  • Ақжайық ш/а – 1 нысан.
  • Қалған 1 нысанның (Ақжайық ш/а) құрылысы 2025 жылға өтпелі.

Бұдан бөлек, 2 нысанның (Тұран ш/а 40 үйге 1-кезек, Тұран ш/а 40 үйге 2-кезек) ЖСҚ-сы әзірленуде.

Жобалау-сметалық құжаттамаға келсек, қазіргі таңда, басқарма тарапынан 9 жаңа нысанның ЖСҚ-сы әзірленуде. Атап айтқанда;

  • Ұлттық қауіпсіздік комитеті ғимаратына қосымша корпус;
  • Басқару орталығына корпус салу; (Полиция департаменті)
  • Жедел қызмет көрсету модульдік орталығын құру (Төтенше жағдай, жедел жәрдем, полиция қызметтері)
  • Салт-дәстүр орталығы ғимаратын қайта құру;
  • Поролимпияда, сурдлимпияда спорт кешенінің құрылысы;
  • Жаңа ипподромда атқора мен жатақхана салу;
  • Шахмат орталығын салу;
  • Домбыра мүсініндегі ғиамрат салу.