ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ АУМАҒЫНДА ТУРИЗМ САЛАСЫ БОЙЫНША ЖЕКЕ ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ 6,2 МЛРД ТЕҢГЕНІ ҚҰРАЙТЫН 6 ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛУЫ ЖОСПАРЛАНУДА
Шымкент — Қазақстанның көз тартатын көрікті шаһарларының бірі. Тамылжыған табиғатының өзіндік ерекшелігі мен сұлулығы бар, тарихы бай, шежіреге толы өңірде туризм саласындағы жұмыстар жанданып, қарқын ала түскен. Сәні мен сәулеті келіскен замануи қонақ үй кешендері көптеп бой көтерген. 2024 жылы Шымкент қаласы аумағында туризм саласы бойынша жеке инвестиция көлемі 6,2 млрд теңгені құрайтын 6 жоба (түрлі санаттағы қонақ үйлер) іске қосылуы жоспарлануда. Орташа есеппен 125 жаңа жұмыс орны ашылады. Жалпы қонақ үйлердегі төсек-орын саны 365-ті құрайды. Олар: «Kazakh Hotel» «Керемет, «Алтай», «Zhamal Hotel Shymkent», «Zeinnur-Tau» және Б/Н қонақ үйлері.
Аталған жобалар қаланың тартымдылығын арттырып, жаңа туристік бағыттардың ашылуына әсер етеді. Сыртқы байланыстар бойынша жоспарға келсек: халықаралық және шетелдік ұйымдармен ынтымақтастықты дамытуға бағытталған іс-шараларды жоспарлау және іске асыру; халықаралық қатынастарды ары қарай дамыту мақсатында ұсыныстар енгізу; Шымкент қаласы әкімдігінде шетелдік делегациямен, дипломатиялық корпустың басшыларымен, халықаралық ұйымдар өкілдерімен өтетін кездесулерге қажетті ақпараттық құжаттар мен стратегиялық талдаулардың толық пакетін дайындау және қадағалау; жақын және алыс шетелдермен өзара ынтымақтастық орнату бойынша екіжақты келісімдер, хаттамалар мен ынтымақтастық меморандум жобаларын жасау;
Сыртқы байланыстарды дамыту бойынша қала әкімдігі ғимаратында 10 – аса делегациямен кездесу ұйымдастырылды. Оның ішінде: Қытай, Ресей, Бельгия және Франция елшіліктері бар.
Қазақстан туризм жылының Қытайда ашылуы-28-30 наурыз аралығында өтті. Қазақстан туризм жылының Қытайда ашылуы салтанатында Шымкент қаласының стенді ұйымдастырылып,іс-шара барысында Қытай азаматтарына және Қытайдағы қазақтарға Шымкент қаласының туристік, гастрономия және инвестициялық әлеуеті таныстырылды. Сонымен қатар, қазақтың тұсау кесер салт-дәстүрі қатысушыларға көрсетілді. Соңғы күні, Nauryz Fest ұйымдастырылып, қатысушыларға ұлттық тағамдар ұсынылды.
Жалпы басқарманың құзыретінде қазіргі таңда туристік материалдардың барлығын жаңа ашылған туристік нысандарға қою болып табылады. Оның ішінде: бүктемелер, карталар, және туристік операторлардың турлары мен жарнамалық – мерекелік материалдар таратылды.
