ҚЫТАЙЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Шымкент қаласындағы Shymkent Invest орталығында Қытайлық инвесторлармен кезекті кездесу өтті. Кездесу барысында Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы және шетелдік инвесторлар қала аумағында инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытты.
Инвесторларға Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық жағдайы, өндірістік әлеуеті, инвестициялық мүмкіндіктері мен мемлекеттік қолдау тетіктері таныстырылды.
Сондай-ақ, қаланың инфрақұрылымдық даму деңгейі, қолайлы географиялық орналасуы және кәсіпкерлікке қолдау көрсету шаралары жөнінде ақпарат берілді. Тараптар өзара ынтымақтастық орнату, бірлескен жобаларды іске асыру және инвестициялық байланысты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.
Шымкент — инвесторларға қолайлы қала!
