Палестина-Израиль қақтығысы кезінде қаза тапқандар саны 2000-нан асты
Құрбандар саны күн сайын артып жатыр.
Израиль баспасөзінің хабарлауынша, Хамастың шабуылынан қаза тапқан израильдіктердің саны 1200-ден асты және 200-ден астам адам тұтқынға алынған, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.
«Yedioth Ahronoth» газетінің хабарлауынша Хамас шабуылында 1200-ден астам израильдік қаза тапқан. Сонымен қатар Хамас тарапынан тұтқынға алынған израильдіктердің саны 200-ден асқаны анықталды.
Ал қаза тапқан палестиналықтардың саны 900-ге жетті. Оның 260-ы балалар мен 200-і әйелдер. Жараланғандар саны 4500-ге жақын.
