ШЫМКЕНТ: АУРУХАНАЛАРДА ТӨСЕК ОРЫН САНЫ КӨБЕЙТІЛУДЕ
Шымкент қаласы тұрғындарына 2025 жылы амбулаториялық-емханалық деңгейде 60 мекеме медициналық көмек көрсетті (2023 жылы — 53), оның ішінде 14 мемлекеттік емханаға 607 мың адам (49%) және 46 жеке емханаларға 639 мың адам (51 %) тіркелген.
Қала тұрғындарына қадамдық қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында 2022ж.-2024ж. аралығында 14 емхана ашылып, емханалардың орташа жүктемесі 25 мыңнан 20 мыңға азайды.
Сонымен қатар, 2024 жылы стационарлық деңгейде 44 медициналық ұйым (4 894 төсек-орын), оның ішінде 15 мемлекеттік аурухана (3 753 төсек-орын) және 29 жеке медициналық ұйым (1 141 төсек-орын) көмек көрсетеді.
Ауруханалардағы төсек-орын саны 2023 жылы 4 393-тен 2025 жылы 4 894 төсек-орынға көбейді, яғни өсім 10 %-ды құрады.
Көпбейінді аурухана ашылды (клиника «Хадиша» 257 төсек-орынды, келесідей бөлімшелерден тұрады: хирургия, гинекология, травматология-ортопедия, кардиология, неврология, терапия, пульмонология, инсульттік орталық, кардиохирургия, нейрохирургия және паллиативтік).
