«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы Шымкентте қарқынды жүзеге асырылуда
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында білім беру инфрақұрылымын дамыту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Жоспарға сәйкес, 2025 жылға дейін 28 000 орындық 18 мектептің құрылысы жүзеге асырылмақ. Атап айтқанда, 2000 орындық 8 мектеп, 1500 орындық 2 мектеп, 1200 орындық 7 мектеп және 600 орындық 1 мектеп салынады. Осылайша, қаладағы білім беру мекемелерінің саны артып, оқушыларға жайлы әрі заманауи оқу орындары ұсынылады.
2024 жылы 17 300 орындық 12 мектептің құрылысы аяқталып, олар пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, 2024 жылы білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражаты арқылы 3 мектептің құрылысы басталады. Бұл мектептер №39 және №50 мектептерге қосымша ғимараттар салу, сондай-ақ Тельман шағын ауданындағы жаңа мектеп құрылысы ретінде қарастырылған. Аталған мектептердің барлығы 2025 жылы оқушыларды қабылдауға дайын болады.
Қалада тек жаңа мектептер салу ғана емес, қолданыстағы мектептерге қосымша ғимараттар салу бойынша да жұмыстар жоспарланған. 12 мектепке қосымша корпус пен жапсаржай салу мақсатында жобалау-сметалық құжаттамасы (ЖСҚ) әзірленіп, сараптама қорытындылары алынған.
Өткен жылы Шымкентте 9 білім беру мекемесінің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 4 мектеп, 2 балабақша, 1 колледж, 1 мүгедектерге арналған интернат және 1 оңалту орталығы бар. Алдағы жылдары, яғни 2024–2028 жылдар аралығында 50 білім беру ұйымын күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда. Бұл жоспар аясында 16 жобаның жобалау-сметалық құжаттамасы дайындалып, оның 4-еуіне қаржы бөлінді. 12 жоба әлі қаржыландыруды күтіп тұр.
2024 жылы 5 білім беру мекемесінің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 3,4 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат №8 мектепке 678,8 млн теңге, №48 мектепке 675,4 млн теңге, №80 мектепке 497,6 млн теңге, №120 мектепке 403,5 млн теңге және Аграрлық колледжге 1 231,0 млн теңге бөлінеді. Осы жұмыстар аясында мекемелердің инфрақұрылымы жаңартылып, оқу процесі үшін қолайлы жағдайлар жасалады.
Қосымша жоспар ретінде 11 мекеменің ғимараттарын күрделі жөндеуден өткізуге қажетті жобалау-сметалық құжаттамасы дайындалып, Құрылыс басқармасына сұраныс берілген. Бұл 9 мектеп, 1 балабақша және 1 арнайы мектеп-интернатты қамтиды. Қажетті қаражат көлемі 7,9 млрд теңгені құрайды.
Шымкент қаласында білім беру жүйесіне қатысты осындай ауқымды өзгерістер тек бүгінгі күннің қажеттіліктерін ескеріп қана қоймай, болашақ ұрпақтың сапалы білім алуына үлкен үлес қосатыны сөзсіз.
