РУС ENG
4 ноября, 2026

Шымкент қаласындағы мектепке дейінгі тәрбие және оқыту жүйесінің дамуы

Мектепке дейінгі білім беру – үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы әрі маңызды кезеңі болып табылады. Осы кезеңде балалардың бастапқы білімін қалыптастыруға ерекше мән беріліп, білім беру стандарттарына сай жұмыстар атқарылып келеді. Шымкент қаласында мектепке дейінгі ұйымдардың саны жыл сайын артып, мемлекеттік тапсырыс көлемі де ұлғайып отыр. Өткен жылы мемтапсырыс 2 945 орынға берілсе, биылғы жоспар бойынша бұл көрсеткіш 3 150 орынға дейін өседі деп күтілуде. 2023 жылы Шымкент қаласында 30 жаңа балабақша ашылып, бала тәрбиесі мен оқытуға қосымша мүмкіндік жасалды. Ал 2024 жылы тағы 32 балабақшаның ашылуы жоспарлануда, бұл қаламыздың демографиялық өсуі мен ата-аналарға деген әлеуметтік қолдауды күшейтеді. Жекеменшік балабақшалар жүйесі де серпінді дамып жатыр. Бүгінгі таңда Шымкент қаласындағы мектепке дейінгі ұйымдардың 88,3%-ы жекеменшік балабақшалардан тұрады (жалпы саны 611 балабақша: 71 – мемлекеттік, 540 – жекеменшік). Бұл көрсеткіш қаладағы жекеменшік сектордың даму қарқынын және мемлекет пен бизнестің ынтымақтастығының жоғары деңгейін көрсетеді. Балаларды балабақшамен қамту Қабылданған шаралар нәтижесінде Шымкент қаласында 2-6 жас аралығындағы балалардың 89,3%-ы мектепке дейінгі ұйымдармен қамтылған. Бұл көрсеткіш бала кезектілігін төмендетуге айтарлықтай септігін тигізуде. 2024 жылдың наурыз айындағы деректер бойынша, 1-6 жас аралығындағы кезекте тұрған 82 505 баланың 91%-ы (75 253 бала) мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылды. Оның ішінде, 3-6 жас аралығындағы балалардың 95%-ы, ал 2-6 жас аралығындағы балалардың 93%-ы мектепке дейінгі тәрбие және білім беру ұйымдарына қабылданған. Атап өту қажет, өткен 2023 жылы 1-6 жас аралығындағы балалардың 94%-ы мектепке дейінгі біліммен қамтылған болатын. Яғни, 2024 жылы да бұл көрсеткіш жоғары деңгейде сақталып, балалардың балабақшамен толық қамтылуына жағдай жасалды. 3-6 жас аралығындағы балалардың 100%-ы, 2-6 жас аралығындағы балалардың 95%-ы балабақшаларға орналастырылды. Шымкент қаласы Білім басқармасы жаңа оқу жылына дайындықты жоғары деңгейде ұйымдастырып, қаладағы барлық мектепке дейінгі және орта білім беру мекемелерін қажетті материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету, оқу бағдарламаларын жаңарту және балалардың сапалы білім алуына жағдай жасау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізді.