РУС ENG
4 ноября, 2026

Шымкент қаласындағы мобильді байланыс: сапаны арттыру жұмыстары және жаңа технологиялар

Бүгінгі күні Шымкент қаласының орталық бөлігінде мобильді операторлар тұрғындарды сапалы байланыс желісімен қамтып отыр. Дегенмен, қаланың шеткі аймақтарында мобильді байланыс сапасын арттыру бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Мобильді интернеттің сапасын және желінің қамтылу деңгейін жақсарту мақсатында Өңіраралық байланыс инспекциясымен бірлесе отырып, елді мекендерге талдау жүргізілді. Талдау нәтижесінде мобильді интернет жылдамдығы төмен 147 нүкте анықталды. Оның ішінде:

  • Kcell операторы бойынша – 53 нүкте;
  • Кар-Тел операторы бойынша – 31 нүкте;
  • Мобайл Телеком-Сервис бойынша – 51 нүкте.

Бұл мәселелерді шешу үшін мобильді байланыс операторларымен бірлесіп, интернет сапасы төмен 42 нүктеге базалық станция орнату жоспарланды. Бүгінгі күні олардың 30 нүктесінде базалық станциялар орнатылып, қолданысқа енгізілді.

Әкімдік тарапынан қолдау көрсетілгенімен, мобильді операторлар да өз тарапынан елеулі жұмыстар атқаруда. «Kcell» АҚ қаладағы 194 базалық станцияны 5G технологиясымен жабдықтады, сондай-ақ 217 базалық станцияға жаңғырту жұмыстарын жүргізді. Оған қоса, коммерциялық нысан иелерімен келісім жасау арқылы қосымша 48 базалық станция іске қосылды.

«Кар-Тел» ЖШС тарапынан 115 базалық станцияға жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Алдағы уақытта компания 16 жерге антенна-мачталық құрылғы орнатуды жоспарлап отыр. Бұл жұмыстар қаланың шеткі аймақтарында интернет сапасын айтарлықтай жақсартуға бағытталған.

«Мобайл Телеком Сервис» компаниясы да бұл үдерістен тыс қалмай, 8 базалық станцияға жаңғырту жұмыстарын жүргізді. Бұл іс-шаралар мобильді интернеттің сапасын жақсарту мен қала тұрғындарының цифрлық мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған ауқымды жұмыстың бір бөлігі болып табылады.

Мобильді байланыс сапасын жақсартуға бағытталған бұл кешенді шаралар алдағы уақытта да жалғасады, және Шымкент қаласының барлық тұрғындарына сапалы байланыс желісін қамтамасыз ету басты мақсаттардың бірі болып қала береді.