РУС ENG
4 ноября, 2026

Шымкентте II-жартыжылдықта жүзеге асырылатын пилоттық жобалар

«Alaqan» жобасы  Шымкенттің цифрлық инфрақұрылымын дамытуға, мектептер мен бала-бақшаларда қауіпсіздік пен тиімділікті арттыруға бағытталған. «Alaqan» жүйесі тұрғындардың өмірін жеңілдетіп, білім беру мекемелеріндегі процестерді оңтайландыруға мүмкіндік бермек.

2024 жылғы 20 сәуірде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі О.А. Бектеновтің «Astana Hub» және «Нұр Әлем» павильонына бару қорытындысына сәйкес, «Alaqan» биометриялық сәйкестендіру жүйесінің жобасын енгізу бойынша тапсырма берілді.

«Alaqan» — патенттелген биометрияға арналған экожүйе, қол алақанының тамырлары арқылы жұмыс істейді. Бұл жүйені қаладағы әкімдік ғимараттарында, мектептерде және бала-бақшаларда пилоттық жоба ретінде орналастыру жоспарлануда.

Жобаның мүмкіндіктері:

  1. Ата-аналарға арналған мобильді қосымша;
  2. Мектеп асханасын цифрландыру;
  3. Кітапханадағы биометриялық билет;
  4. Оқушылардың сабаққа қатысуын бақылау;
  5. Тегін және жеңіл тамақтануды есепке алу.

Жүйе қол жеткізуді басқару функцияларын да қамтиды:

  1. «Alaqan» сканерлерін қолданыстағы турникеттерге орнату;
  2. Жүйе арқылы кіру және шығу туралы хабарламалар алу;
  3. Қызметкерлердің жұмыс уақытын есепке алу.

Барлық деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тіркелген алақан тамырларының суреті кодпен шифрленеді.

Екінші жоба — «Цифрлы контейнер». Бұл бастама Шымкенттің экологиялық жағдайын жақсартуға, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға және қалдықтарды басқаруды тиімді ұйымдастыруға бағытталған. «Цифрлы контейнер» жүйесі қаладағы қоқыс жинау процесін автоматтандыру арқылы ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Тұрғындар мен кәсіпкерлер үшін жағдайларды жақсартуға және экологиялық жауапкершілікті арттыруға септігін тигізеді.

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ақылды қалалар (Smart City) концепциясы аясында Шымкентте қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесіне «Цифрлы контейнер» енгізілуде.

Жобаны іске асыру мақсатында қаладағы қоқыс алаңшаларына талдау жұмыстары жүргізіліп, жеке компания Желтоқсан көшесі №88 мекенжайында орналасқан қоқыс алаңшасына пилоттық түрде бейнебақылау жүйесін орнатты.

Қазіргі таңда, Басқарма мен компания арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалып, жүйеде аналитикалық талдау жұмыстары жүргізілуде. Жоба аясында ұсынылатын көрсеткіштер:

  1. Қоқыс жәшігінің толып кетуін қадағалау;
  2. Қоқыс өртінің аналитикасы;
  3. Көлік құралдарын талдау;
  4. QR код арқылы 109-Бірыңғай байланыс орталығының WhatsApp мессенджеріне тікелей сілтеме.