РУС ENG
4 ноября, 2026

Шымкенттегі «109» бірыңғай байланыс орталығы: Тұрғындардың өтініштерін тиімді қабылдау

Шымкент қаласындағы «109» бірыңғай байланыс орталығы 2020 жылдан бастап қала тұрғындарының өтініштерін қабылдап, қызмет көрсетуді қамтамасыз етіп келеді. Орталықтың жұмысын тиімді ұйымдастыру мақсатында ситуациялық орталықтың бағдарламалық қамтылуы бойынша бірқатар маңызды жұмыстар атқарылды.

Атап айтқанда, орталықта төмендегідей модульдер енгізілді:

  • Басшылар рейтингі модулі;
  • Топ 10 аудан бөлінісіндегі өтініштер модулі;
  • Топ 10 көрсетілетін қызметтердің модулі;
  • Топ 5 қызметтер санаты;
  • Топ 5 ұйымдардың мерзімі өткен өтініштері;
  • Қызметтер бөлінісіндегі өтініштер статистикасын бақылау;
  • Өтініштердің түсу статистикасы;
  • Орындаушылар бойынша өтініштердің мәртебесі.

Алдағы уақытта қала аумағында «109» бағдарламалық қамтамасыз ету мобильді қосымшасы қосылатын болады. Бұл жаңашылдық тұрғындарға өтініштерін ыңғайлы әрі жылдам тапсыруға мүмкіндік беріп, қызмет көрсетудің сапасын арттырады.

Шымкенттегі «109» орталығы тұрғындардың өтініштерін жедел әрі тиімді қабылдау арқылы қала өмірін жақсартуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Шымкент қаласының цифрландыру саласындағы жұмыстары еліміздің дамуына, тұрғындардың өмір сапасының артуына және инновациялық технологияларды енгізуге бағытталған. Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» Заңының 7-бабының 63-5-тармақшасын іске асыру мақсатында өңірімізде «Smart City» эталондық стандарты бекітілген болатын. 2022 жылдың қорытындысы бойынша, «Smart City» стандартына сай бірнеше жоба іске асырылды. Атап айтқанда, коммуналдық ресурстарды қашықтықтан есепке алу, 109 біріңғай байланыс орталығы, жарықтандыруды басқару жүйесі, бейне бақылау жүйесі, геоақпараттық жүйе, біріңғай есеп айырысу орталығы, онлайн төлем секілді жобалардың жүзеге асырылуы көрсеткіштің 55%-ға жетуіне мүмкіндік берді. 2023 жылдың нәтижелерін қорытындылай келе, I-qala, қоғамдық көлікті басқару жүйесі, білім беру ұйымдарының біріңғай бейнемониторинг жүйесі секілді жобалар әзірленіп, «Smart City» көрсеткіші 61%-ға өсті. Ағымдағы жылы қала аумағында бірнеше жаңа жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда. Олардың ішінде жол қозғалысын басқару жүйесі, автожолдардың сапасын бақылау, өңірлік IT-хаб, жасыл кеңістіктердің сандық есебі жобалары бар. Бұл жобалар іске асырылғаннан кейін, күтілетін болжам 74%-ға ұлғайып, Шымкент қаласының цифрландыру көрсеткіштері жаңа деңгейге көтеріледі.