РУС ENG
4 ноября, 2026

Шымкентте «Shymkent IT HUB» орталығын ашу және қала тұрғындарына көрсетілетін қызметтер

Шымкенттің цифрландыру және инновациялық бастамалары тұрғындардың өмір сапасын арттыруға, қаладағы ақпараттық және технологиялық экожүйені нығайтуға бағытталған.

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау шеңберінде еліміздің барлық өңірлерінде «IT Hub» ашу мақсатында жұмыс жүргізілуде. Бұл бастама «Astana Hub» халықаралық технологиялық паркінің табысты үлгісіне негізделген.

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б. Мусиннің «Ақылды» қалалар салу әдістемесін бекіту туралы бұйрығына сәйкес, «Astana Hub» үлгісі негізінде «IT Hub» ашу индикатор көрсеткіштері белгіленді.

Шымкентте «Shymkent IT HUB» орталығының ашылуы білім беру бағдарламалары кеңесінің қызметін күшейтуге, технологиялық кәсіпкерлікті танымал етуге және стартаптарды дамытуға бағытталған. Қазіргі уақытта Шымкент қаласында «Shymkent IT Hub» технологиялық паркін ашу жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Технопарктің ғимараты бекітіліп, материалды техникалық базасы, соның ішінде техникалық құрал-жабдықтар, жиһаз және кеңсе тауарлары жеке инвесторлар есебінен қаржыландырылуда.

«Astana IT HUB» технопаркімен Әкімдік арасында өткен 2 жартыжылдық қорытындысы бойынша Меморандум жасалып, ресми ашылу жоспарлануда. Бұл жоба жастар мен кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндіктер ұсынып, Шымкенттің цифрлық экожүйесін қалыптастыруға үлес қосады. «Shymkent IT HUB» орталығы инновациялық идеяларды дамытуға және технологиялық жетістіктерге жетуге бағытталған бірегей алаң болатынына сенім мол.

Сондай-ақ, Шымкент қаласында цифрландыру және тұрғындардың өмір сапасын арттыру бағытында жаңа қызметтер ұсынылуда. Қала тұрғындары үшін «2GIS» қосымшасында жедел қызметтердің байланыс нөмірлері мен орналасқан жері туралы ақпаратты көрсететін бөлім енгізілді. Бұл бөлімде тұрғындар емханалар, учаскелік полиция пункттері, өрт қауіпсіздігі қызметтері және коммуналдық қызметтер (су, газ, электр) туралы ақпаратты оңай таба алады.

Сонымен қатар, қалада қоғамдық орындарды тегін Wi-Fi желісімен қамтамасыз ету мақсатында жұмыстар жүргізілуде. 2023 жылы 20 қоғамдық орынға 55 Wi-Fi құрылғысы орнатылды. Ағымдағы жылы бұл жұмыстар жалғасып, қосымша 5 қоғамдық орынға 15 Wi-Fi құрылғысы орнатылып, жалпы саны 70 Wi-Fi құрылғысы іске қосылады.

Бұл бастамалар қала тұрғындарының цифрлық инфрақұрылымын жақсартуға, заманауи технологиялармен қамтуға және жайлы орта қалыптастыруға бағытталған. Шымкенттің цифрландыру саясаты тұрғындарға қолайлы жағдай жасап, ақпараттық қызметтерге қол жеткізуді жеңілдетуді мақсат етеді.