РУС ENG
4 ноября, 2026

Шымкентте үлестік құрылыс пен тұрғын үйлердің дамуы: Актуалды мәселелер мен жетістіктер

Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі №178 бұйрығына сәйкес, «Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін белсенді түрде жүзеге асыруда. Бүгінде үлестік құрылыс мәселесі қоғамда ең маңызды тақырыптардың бірі болып отыр.

2024 жылдың 7 айы қорытындысы бойынша, жергілікті атқарушы органнан үлескерлердің қаражатын тартуға рұсат алған 13 компания анықталды. Оның ішінде 8 компания жергілікті органнан, ал 5 компания Астана қаласынан рұсат алған. Қазіргі уақытта Шымкент қаласында 24 тұрғын үй кешені қарқынды түрде салынып жатыр.

Шымкент қаласының тұрғын үй саясаты аясында 2024 жылға арналған бекітілген жоспар бойынша 1 360 000 шаршы метр тұрғын үйлерді пайдалануға қабылдау көзделген. Жылдың алғашқы жеті айында 590 792 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл жоспардың орындалуы бойынша оң көрсеткішті білдіреді.

Басқарма тарапынан ұсынылған мемлекеттік қызметтер саны да көңіл қуантады. 2024 жылдың шілде айына дейін 18 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіліп, жалпы 32 491 мемлекеттік қызмет жүзеге асырылған. Жыл басынан бері қала әкімінің 3534 қаулысы қабылданды.

Шымкент қаласының инфрақұрылымын дамыту, тұрғын үй мәселелерін шешу және үлестік құрылысқа қатысушылардың құқықтарын қорғау мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар қала тұрғындары үшін маңызды әлеуметтік-экономикалық жағдайларды жақсартуға бағытталған. Қала басшылығы тұрғын үй құрылысын ынталандыру мен халықтың тұрғын үйге қолжетімділігін арттыру бойынша барлық қажетті шараларды қолға алуда. Қазіргі таңда Шымкент қаласының жалпы аумағы 116 280 гектарды құрайды және 5 әкімшілік аудандарға бөлінген. Шымкент қаласының Бас жоспарын Қазақстан Республикасының Үкіметі 17 қазан күні № 916 қаулысы бекітіліп, тиісті жұмыстар атқарылуда. Шымкент қаласының бас жоспары қаланың 2035 жылға дейінгі ұзақ мерзімді перспективаларымен бірге, халық саны 1,2 млн адамнан  1,9 млн адамға өсуі көзделген. Еліміздің ірі өнеркәсіптік, сауда және мәдени орталықтарының бірін кешенді дамыту шеңберінде тұрғын үй құрылысының көлемі ұлғаяды, жаңа өндірістік аймақтар, айналма темір жол тармағы және тәулігіне 20 мың адам қабылдайтын жаңа темір жол вокзалын салу, қаланы шеңберлей отырып, 3 айналма жол салу көзделген.