РУС ENG
4 ноября, 2026

АЭС- ЕЛ ИГІЛІГІ ҮШІН ЖАСАЛҒАН ЖОБА

Қазақстанда атом электр станциясын салу бойынша жалпыұлттық референдумның болатынына да аз уақыт қалды. Қанша уақыттан бері елдің қазіргі негізгі әңгімесі АЭС төңірегінде болып отыр. Бұл халықтың қазіргі заманда ешнәрсеге бейжай қарай алмайтындығын білдірсе керек. Оның үстін атом электр энергиясын пайдалу төңірегінде түрлі алып-қашпа, дәлелді-дәлелсіз ақпараттар да өте көп.
Жалпы АЭС құрылыс жобасына қатысты әлі де болса екіжақты көзқарас аз емес. Дегенмен соңғы уақытта қолдаушылар қатары көбейіп келеді. Ал сала мамандары, энергетиктер мен ғалымдар АЭС-ті салу елдегі экономиканың дамуы мен әлеуметтік жағдайдың жақсаруына әкелер еді деген пікірді қашаннан бері айтып жүр. Жасыратын несі бар, қалай айтсақ та қазіргі күні экономиканы алға қарай жылжыту үшін бар мәселе электр қуатына байланысты болып тұрғанына халықтың көзі жеткендей.
Бұл жерде халқымыз ең алдымен АЭС еліміздің экономикалық әрі саяси саласына ықпал ететінін білуі керек. Сондықтан АЭС туралы айтылғандарды жан-жақты саралап, зерттеп, зерделеп еліміздің болашағына тиімді шешімді қабылдау керек.
Ең бастысы қоғам пікірі қақ жарылған АЭС мәселесін біртұтас ел болып талқылауға салуды дұрыс деп санаймын. Соның арқасында ең бастысы еліміз өз игілігіне тиімді шешімді қабылдайды деп сенемін. Мемлекет басшысы әрбір жолдауында бұдан былай қоғам пікірі ескерілетінін үнемі тілге тиек етіп жүр. Қазір билік пен халықтың арасында байланыс орнады. Себебі жоғары жақ халықтың ойымен, мұңымен санасуы керек. Әрбір азамат өз еліндегі болып жатқан саяси болсын әлеуметтік болсын, елдік мәселе болсын барлығын бірігіп шешкені пайдалы. Соңғы кездері «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын жан-жақты қолдана бастадық. Бұл да ел игілігіне бағытталған іс-шаралардың бірі деп білемін. Сондықтан, ел игілігі үшін жасалмақшы АЭС жобасын да халық талқысына салуы мемлекет басшысының саясатының дұрыс екендігін білдіреді.

Сәулембаев Алтынбай – Шымкент университетінің жаратылыстану-гуманитарлық факультетінің деканы