РУС ENG
4 ноября, 2026

«Бақылау қырандары» бақылаушылар тобы өз жұмыстарын бастады

АЭС құрылысы жөніндегі референдум қарсаңында қоғамдық бастама негізінде еліміздегі бір топ саясаткерлер құрған «Бақылау қырандары» бақылаушылар тобы елімізде 6 қазанында өтетін ел ішілік электоралды процесс процедураларының қатаң сақталуын қамтамасыз ету үшін еліміздің бірқатар аймақтарындағы дауыс беру учаскелерінде бақылаушылық жасамақ. Аумақтық бақылаушылар желісі өз жұмыстарын Алматы қаласындағы Орталық штаб пен еліміздің Астана, Шымкент, Түркістан, Жезқазған, Қызылорда, Талдықорған, Талғар және Қонаев қалаларында  орналасқан өңірлік штабтар арқылы жүргізбек.

«Бақылау қырандары» тобының мақсаты айқын, референдум барысын заңнама талаптарына сай өтуін қадағалау. Әр азаматтың өз пікірін білдіріп, еркін таңдау жасау мүмкіндігі елімізде демократияның нығаюына, азаматтық қоғамның дамуына және халықтың белсенді саяси ұстанымын қалыптастыруға септігін тигіу.

Референдум сөзсіз – Қазақстан қоғамы үшін аса маңызды мәселе. Мұндай сәтте бүк түсіп, үйде жатуға болмайды. Референдум – мемлекет үшін маңызды мәселені шешердегі халық үніне құлақ аса отырып, шешім қабылдайтын демократиялық тәсіл десек, оның әділ әрі таза өтуіне әрбіріміз мүдделі болуымыз керек!

Ендеше, дауыс беруге құқылы Қазақстанның әрбір азаматы тәуелсіз бақылаушы болып қана қоймай, электоралды процесте дауыс бұрмалаушылықтарды болдырмауға үлес қосуы тиіс. Ол үшін еліміздің аумағында ресми тіркелген бірнеше бақылаушылық ұйымдар бар. Сондай тәуелсіз бақылаушылық жасайтын топтың бірі – «Бақылау қырандары» жуырда бақылаушыларды оқытып, даярлауға белсенді кіріскенін хабарлайды

«Бақылау қырандары»

Шымкент