Шымкент: Биыл жылу жүйелерімен үздіксіз қамтамасыз ету және тозу деңгейін төмендету мақсатында бюджеттен 4,0 млрд. теңге бөлінді
Шымкент – мегаполис мәртебесін алғанына 6 жыл толды. Осы уақыт ішінде қаланың қатарына қосылған елдімекендерде инфрақұрылым жүйесі жоспарлы түрде жүргізіліп келеді. Әлеуметтің жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстардың негізгісі – газ, су, электр желісі, жылумен қамтамасыз ету.
Қазіргі таңда, 81 елді-мекеннің 80-і сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілсе, 1 елді мекен кестемен (Құрсай) қамтамасыз етілуде. Ал, 81 шағын ауданның 25-і (713,5 мың адам) кәріз жүйесімен қамтамасыз етілсе, 56 шағын аудан қамтылмаған. Сондай-ақ, 81 елді-мекен толық сапалы электр қуатымен қамтылса, табиғи газбен жалпы 54 елді мекен қамтылған, 24 жартылай және 3 елді мекен қамтылмаған.
Қаладағы жылумен қамтамасыз ету саласы бойынша, Шымкент қаласы аумағы бойынша 838,6 км жылу құбырлары бар: Тозу деңгейі 37%-ы құрайды.
Сондай ақ, 23 қазандық және 17 сорғы стансалары бар:
— 23 қазандықтың тозу деңгейі — 30,5% құрайды.
— 17 сорғы стансалары тозу деңгейі -41 %
2023 жылы жылу жүйелерінің тозу деңгейін төмендету мақсатында бюджеттен 5,0 млрд. теңге қаржы қаралды. Атап айтқанда:
3,2 млрд. теңгеге 8,7 км жылу жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
1,8 млрд. теңгеге 4,5 км жылу жүйелеріне 2 нысанға (Адырбеков, Нұрсат) қайта құру жұмыстары жүргізу жоспарланып, жыл қорытындысымен 1 нысанның (Нұрсат) құрылыс жұмыстары аяқталды.
Осыған орай, атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2076 көпқабатты тұрғын үйлер және 464 бюджеттік мекемелер тұрақты жылумен қамтамасыз етілді.
2024 жылы жылу жүйелерімен үздіксіз қамтамасыз ету және тозу деңгейін төмендету мақсатында бюджеттен 4,0 млрд. теңге бөлінді.
- 2,4 млрд. теңгеге 30,0 км жуық жылу жүйелеріне
ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
- 1,4 млрд. теңгеге 4 нысанның құрылыс жұмыстары
жүргізіледі. (Оның ішінде 2 нысанның жылу қазандығын жаңғырту жұмыстары басталады және 7,2 км жылу жүйелеріне (2 жоба) қайта құру жұмыстары жүргізіледі)
