РУС ENG
4 ноября, 2026

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАЛАР

29 тамыз

— 17.00-де — құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдар қызметкерлері арасында кіші футболдан арнайы жарыс өтеді;
— күні бойы қалалық кітапханаларда арнайы тақырыптық іс-шаралар өтеді;
— қаладағы барлық құқық қорғау органдарында, Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты мәдениет мекемелерінде «Ата Заң» тақырыбында құқықтық және тақырыптық сағаттар, дөңгелек үстелдер өтеді.

30 тамыз

— 12.00-де – балалар ойын алаңшаларының ашылу (Бадам-2 тұрғын алабы));
— 15.00-де — ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді («Шымсити» ш/а №135 жалпы орта мектеп жанында және Нұртас ш/а №1/6 «Стандарт Сити» үйдің артындағы автотұрақ аумағы);

31 тамыз

— 09.00-де — ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді («Қажымұқан» орталық стадионы, «1000» ұсақ-түйек сауда қатары);
— 17.00-де – «Музыкалық фест» мерекелік іс-шарасы («Наурыз» алаңы);
— 19.00-де — «Шымсити» және «Тәуелсіздік» саябағында «Шымқала кештері!» атты концерттік бағдарламасы өтеді;
— Гоцци пьессасы негізінде «Принцесса Турандот» ертегісі бойынша спектакль (Шымкент қалалық орыс драма театры);