Шымкент: Биыл табиғи газбен қамтамасыз ету көрсеткішін 97,4% пайызға жеткізу жоспарланған
Шымкент қаласында елді мекендерді табиғи газбен қамту жұмыстары жоспарға сай, кезең-кезеңімен жүргізілуде. Күнделікті тұрмыс үшін ең керекті инфрақұрылым жүйесі бойынша биылғы жоспарға сәйкес елдімекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету бағытындағы құрылыс жұмыстары қала аумағында жүріп жатыр. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің Өңірлік коммуникациялар қызметі орталығында өткен брифингте Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Меңдіқұлов Рзабек Балтабекұлы баяндады.
Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту саласында жартыжылдық қорытындылары бойынша атқарылған жұмыстар туралы есебінде басқарма басшысы Шымкент қаласында қазіргі таңда табиғи газбен жалпы 54 елді мекен қамтылғанын, 24 жартылай және 3 елді мекен қамтылмағанын айтты. 2023 жылдың қорытындысы бойынша халықты көгілдір отынмен қамту көрсеткіші 94% пайыздан 96% пайызға дейін өсті, 6 нысан бойынша жұмыстар аяқталды. Атап өтсек: Тұран, Асар-2, Солтүстік Саяжай, Сәуле, Бозарық, Нұртас.
2024 жылға 4 нысан өтпелі. Олар: Қайнарбұлақ 1 (70%) және 2 (60%) кезең, Ынтымақ-2 (40%), Бозарық 1 (55%), 2 (95%) және 3 (50%) кезең, Тассай (85%.
2024 жылы 3 нысанның (Қаратөбе (95%), Тәуелсіздікке 20 жыл (15%), Қайтпас-1 (15%) құрылыс жұмыстары басталды. Қазіргі танда 15% жұмыстар атқарылды. Және де 3 нысан (Қарабастау, Жулдыз-Жалын, Еламан) бойынша конкурс нәтижесі анықталып, мердігер мекеме тағайындалып, шілде айында құрылыс жұмыстары басталды.
Жоғарыдағыларды баяндай келе, 2024 жылы табиғи газбен қамтамасыз ету көрсеткішін 97,4% пайызға жеткізу жоспарлануда.
Электр жарығымен қамтамасыз ету бойынша, қазіргі таңда, 81 елді-мекен толық сапалы электр қуатымен қамтылған. 2023 жылы 6 нысанның (Қайнарбұлақ, Батыс, Нұрсәт, Түркістан, Асар-2, «Ақжар» 110/35/10кВ) құрылыс жұмыстарына 1,6 млрд.теңге бөлініп, жыл қорытындысымен 4 нысанның (Қайнарбұлақ, Батыс, Нұрсәт, Түркістан) құрылыс жұмыстары аяқталды. Нәтижесінде, 22 мыңға жуық адам сапалы электр жүйесіне қосылуға мүмкіндік алып, қамту деңгейі 98%-дан 99%-ға өсті. Сонымен қатар, 2024 жылы 4 елді мекеннің (Сайрам, Бозарық, Асар-2, Құрсай) жаңа құрылыс аумақтарын сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету жұмыстарын 2024-2025 жылдары атқару жоспарлануда. Оның ішінде 2024 жылдың мамыр айында Асар-2 шағын ауданы бойынша 1150 абонентке сапалы электрмен қамтамасыз етілді.(Аталған нысанда мердігер мекеме «А.Мерей И К» ЖШС. Жоба құны: 1,1 млрд.теңге. Құрылыс барысында ұзындығы 105,2 шақырым электр желілері жүргізілді. Оның ішінде: 1 дана РП 10КВ ,11 дана КТПН 10/0,4, электр қондырғыларының құрылысы аяқталды.)
