РУС ENG
4 ноября, 2026

Шымкентте алименттік өндірістердің көбісі 5 жеке сот орындаушыларынан құралған арнайы кеңседе жүргізілуде

Шымкент қаласы бойынша сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау саласының қызметкерлері брифингте әлеуметтік аса маңызды істер, оның ішінде алимент өндіріп алу туралы санатындағы атқарушылық өндірістер бойынша және Сот орындаушылардың жауапкершілігі туралы ақпаратпен бөлісті.

Спикердің сөзінше, жыл басынан алимент өндіру талаптары бойынша сот орындаушыларда 15 921 іс орындауда болып, 1 494-сі бойынша өндірістер аяқталған, қалдықта 13 777 құжат. Айта кетерлігі, осы санаттағы істермен айналысатын 5 жеке сот орындаушыларынан құралған арнайы кеңсе ашылған. Алименттік өндірістердің көбісі қазіргі таңда осы кеңседе жүргізілуде. Орындау барысындағы істердің ішінен 50%, яғни, 5 124 құжат бойынша алимент борышкерлердің айлық жалақысынан ұсталып жатыр. Сонымен қатар, үш айдан асатын мерзім ішінде өндірілмей жатқан «проблемалы» алименттік өндірістердің саны 710. Олар бойынша жалпы 1 млрд теңгеге қарыз қалыптасқан. Осы төлемдердің ұзақ мерзімде өндірілмеудің негізгі себептерінің бірі  — борышкердің тұрғылықты мекенжайының анықталмауы, яғни, борышкерлердің іздеуде болуы. Сот орындаушылардың қаулыларына сәйкес 624 алимент  борышкерлеріне қатысты іздеу жарияланып, істер уақытша тоқатылған.

Алимент бойынша әрекетсіздік танытып, заңнамамен белгіленген мәжбүрлеп өндіру амалдарын уақытылы қолданбайтын сот орындаушыларына қатысты да жауапкершілік күшейтілгендігін ескеру қажет. Атап айтқанда, егер жеке сот орындаушысы бір ай ішінде заңда белгіленген тәртіппен істердің әлеуметтік маңызы бар санаты (оның ішінде алимент өндіру санаты) бойынша мәжбүрлеп орындату шараларын қабылдамаған жағдайда әділет органдарының талап арызы негізінде лицензиясынан айырылуға жатады. Осы негіздермен сотқа енгізілген талап қою арыз бойынша осы жылы 3 жеке сот орындаушысы лицензияларынан айырылған.

Жалпы Департамент 2024 жылы сот орындаушыларға қатысты жеке және заңды тұлғалардан түскен 524 жолданымы, сондай-ақ 998 сұраныс, басқа да түрдегі құжаттар қаралды. Түскен жолданымдардың сипаты: 112 (21,3%) – алимент өндіру мәселелері, 341 (65 %) – ақша қаражаттарды мәжбүрлеп өндіру туралы, 71 (13,5 %) – тыйымдарды және мәжбүрлеп өндіру шараларының күшін жою. Анықталған заң бұзушылықтар бойынша 139 ЖСО қатысты жоспарданы тыс бақылау тағайындалып, Өңірлік палатаға 60 ұсыныс енгізіліп тәртіптік жауапкершілікке тартылған.