РУС ENG
5 декабря, 2024

Шымкент қаласы 15 қаламен бауырластық қатынас орнатты

Қалалар арасындағы бауырластық қарым-қатынастың орнауы сыртқы экономикалық байланыстарға, кәсіпкерлік қызмет саласын кеңейтуге, қалалар арасындағы туристік ынтымақтастықты орнатуға үлкен серпін беріп, жалпы экономикалық деңгейдің артуына алып келеді.

Шымкент қаласы сыртқы байланыстарды нығайту мақсатында бүгінде 15 қаламен бауырластық қатынас орнатты. Оның ішінде: Худжанд, Могилев, Байинь, Стивенейдж, Измир, Паттайя, Ахарнон, Гроссетто, Эскишехир, Адана, Генуя, Сиань, Балыкесир, Ош және Ванадзор қалалары.

Бұдан бөлек, Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасы сыртқы байланыстарды нығайту бойынша жыл басынан бері 52 кездесу ұйымдастырылды. Оның ішінде: Ресей, Түркия, Қытай, Франция, Өзбекстан, Оңтүстік Корея, Италия, Индия, Япония, Австралия, Бельгия, Қырғызстан, Чехия және Тәжікстан мемлекет өкілдерімен және жеке сектор компанияларымен кездесу ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, Шымкент қаласының 50 мың дана туристік карталары мен бүктемелері (3 тілде: қазақша, орысша, ағылшынша) туристік сектордағы кәсіпкерлер нысандарына таратылды. Туристік карталар мен бүктемелер жыл сайын шыгарылады және аталған ақпараттық материалдар  туристік операторларға, гидтерге және қонақ үйлерге қойылады.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 6 шілдесінен бастап әр сенбі күні креативті индустрия өкілдерін қолдау мақсатында, Арбат жаяу жүргіншілер аумағында жәрмеңке ұйымдастырылды. Басты мақсат: Шымкент қаласында креативті индустрия кәсіпкерлеріне қолдау көрсету. Сонымен қоса, аталған сала өкілдерін монетизацияға шығару, көлеңкелі саудадан шығару және Шымкент қаласының креативті өнімдерін қалыптастыру болып табылады. Іс-шара қаладағы жастар және қала қонақтары үшін өте маңызды шара қатарына айналды.

Маркетингтік іс-шараларға келсек, ағымдағы жылдың 25-26 маусымында Қытайдың Үрімші қаласында «Қытай – Қазақстан аумақтық байланыс»  III форумы өтті. Форум аясында «Жеті тандыр» мейрамханасының қолдауымен Шымкент қаласының гастрономиялық фестивалі ұйымдастырылды. Гастрономиялық фестивальге шамамен 3 000 жуық адам қатысты.

2024 жылдың соңына дейін Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының атқаратын іс-шаралар жоспары қатарына ең басты: креативті хаб орталығын ашу, БАҚ өкілдері үшін пресс тур ұйымдастыру және Әзербайжанның Баку мен Өзбекстанның Самарқанд қалаларында роуд-шоу ұйымдастыру болып табылады.