Дендрологиялық саябақтың туристер үшін алар орны ерекше
Қазақстандағы алғашқы Дендрологиялық саябақтың туристер үшін алар орны ерекше. Шымкенттің дендросаябағы – ағаштар патшалығы. Қазіргі таңда көрік беріп тұрған бірден бір орын ол дендрологиялық саябақ. Тарих беттерін парақтасақ, дендросаябақтың алғашқы іргетасының қалануы — 1979 жылы мемлекет және қоғам қайраткері Асанбай Асқаровтың бастамасымен қолға алынған.
«Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы жылғы 24 наурызындағы №83 қаулысының негізінде құрылған. Саябақты құруға облыстық бюджеттен 650-700 млн. теңгедей қаражат бөлінді. Жалпы көлемі 117 гектар.
Қазақстан бойынша екі дендросаябағы бар олар: Алматы және Шымкент қалаларында орналасқан. Шымкент қаласындағы дендросаябақ — ең алғашқы саябақ. Ол 1979 жылы орталық қоқыс үйіндісінен тұрғызылған болатын. Ағаштар саны-500 мыңнан астам. Шөптесін өсімдіктер саны-1млн.360 мың.
Бұдан бөлек, Шымкент қаласында туристерді ең көп қызықтыратын нысандар бар. Атап өтсек: «Ибрагим ата», «Қарашаш ана» кесенелері, «Арбат» жаяу жүргіншілер аймағы, «Shymqala» тарихи-мәдени кешені, Бәйдібек би ескерткіші, Зообақ, Сейітжан Қари мешіті, Қошқар ата өзені.
Сонымен қатар, қала аумағында республикалық маңызы бар 7 тарихи-мәдени нысандар орналасқан. Олар: Ибрагим ата, Қарашаш ана, Әбдел Әзіз баба, Қожа салық, Мірәлі баба, Қызыр мұнарасы, Сайрам қалашығы. Аталған нысандардың ішінде Хызыр, Ибрагим ата және Қарашаш ана кесенелерін жылдың соңына дейін, жеке инвесторлардың есебінен абаттандыру жоспарлануда.
Айта кетейік, туристерді тартудың бірден-бір құралы – қаланы жарнамалау болып табылады. Осы орайда, а.ж. 28-30 маусым аралығында 15 шетелдік және 15 отандық блогерлерге ақпараттық-блог тур ұйымдастырылды. Блог турдың қорытындысы бойынша Түркия, Мысыр, Латвия, Әзірбайжан және Қырғызстан елдерінен келген блогерлер 310 видео бейнематериал түсіріп, 108 пост жариялады. Жалпы жарнамалық қаралым саны 4 676 мың. адамды қамтыды.
Сондай-ақ, осы жылдың 5 маусымында Шымкент қаласының дарынды жастарымен бірлесе «контент мейкерлердің» клубы құрылды. Клубтың басты мақсаты қаланың туристік әлеуетін видео және фотомалериалдар арқылы әлеуметтік желілерде жариялау мен насихаттау. Қазіргі таңда клубка 15 адам мүше.
Шымкент қаласының туристік саласын жарнамалау бойынша 50 фото және 110 видеоматериал шығып, әлеуметтік желілерде жарық көрді. Аталған ақпараттар халық арасында таралып, маңызды туристерді тартатын тетік қызметіне айналуда. Жалпы қаралым саны 1,5 млн. адамды құрады.
