РУС ENG
4 ноября, 2026

Заманауи қонақ үйлердің артуы туризмнің дамуына айрықша серпін беретіні анық

Жаңа заманауи қонақ үйлердің пайда болуы қаламызды тартымды етіп, туризмнің дамуына айрықша серпін беретіні сөзсіз. Елімізде заман талабына сай жасалған инфрақұрылымдық кешендер мен халықаралық стандарттарға сай туристік нысандардың  орналастыру секторларын ұйымдастыра білу өте-мөте қажет.Әсірісе, қонақ үй бизнесі туризм саласының ең маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Себебі, қонақ үй саласы  туристтің демалалыс кезеңіндегі баспана, тамақтану , жеке бастың қауіпсіздігі, денсаулық сақтау сияқты бірінші кезектегі қажеттеліктерін толықтай қамтиды.Жоспарлы экономика кезеңінде қонақ үй шаруашылығын жүргізу тек мемлекет тарапынан арнайы талаптар мен шарттар бойынша ғана жүргізілгені белгілі. Ал,кейін еліміз Тәуелсіздік алғаннан соң ,туризм саласын бизнес ретінде қарастыру мәселесі алға тартылды.

Заманауи қонақ үйлердің артуы туризмнің дамуына айрықша серпін беретіні анық.  Осы тұрғыда 2024 жылға 8 туристік инвестициялық жобаның құрылыс жұмыстары басталып, жыл соңына дейін іске қосылуы жоспарлануда. Атап айтқанда: «Makhambet», «Kazakh Hotel», «Алтай», «Керемет», «Zeinnur-Tau», Dara Garden Hotel, Mardan, «Diamond Hotel».

Сонымен қатар маусым айында Шымкентте бес жұлдызды қонақ үйдің құрылысы басталды. Әлемге әйгілі «Hilton» қонақ үйі «Шымкент Сити» шағынауданында бой көтеріп, 2026 жылы ашу жоспарлануда. Жалпы қонақ үйде 167 бөлме, 1-ballroom, мейрамханалар, фитнес-орталық және бірнеше конференц – залдар бар. Құрылыстың арқасында 200-ге жуық жаңа жұмыс орындары ашылады.

Өткен жылдың қорытындысымен жалпы қалаға келген туристер саны 449 098-ге жетті. Оның ішінде ішкі туристер саны 420 398, шетелдік туристер саны 28 700 адам. Статистика департаментінің ақпаратына сәйкес, 2024 жылдың 3 айында қалаға  111 733 турист келген.

Оның ішіндегі үздік үштікке: Өзбекстан – 9 844 адам, Ресей Федерациясы – 3 659 адам және Қытай Халық Республикасынан 2 633 адам келген.

2024 жылы орналастыру орындарының саны 148 жетсе,   бөлме қорының саны 6 409 бірлікке артып отыр.

Қала аумағында 20 туристік оператор мен 120 аса туристік агенттіктер тұрақты жұмыс жасауда. Қазіргі таңда, тікелей әуе бағытында 12 ішкі рейс және 5 халықаралық рейс  қатынауда. 12 ішкі рейсті атап өтсем:  Астана, Алматы, Ақтау, Атырау, Көкшетау, Жезқазған, Өскемен, Орал, Қостанай, Ақтөбе, Петропавл, Семей . 5 халықаралық рейс: Мәскеу, Ыстанбұл, Дубай, Анталия, Кутаиси.

Әуе хабарламаларының санын көбейту бойынша жұмыстар жүргізілуде.