Дәрілік заттар айналымы саласында Шымкент қаласында 2 ірі отандық тауар өндіруші орналасқан
ҚР дәріханалардың жалпы саны 8 375 құрайды. Шымкент қаласында дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізуді 318 субъектлердің 585 объекті жүзеге асыруда. Қаламызда орналасқан дәріханалардың саны жоғары, яғни бәсекелестік деңгейі жоғары болғандықтан, басқа өңірлерімен салыстырғанда, Шымкент қаласында дәрілік заттардың бағасы төмен болып табылады. Бүгінгі таңда Департаментімен Шымкент қаласының мүдделі органдармен дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалауды енгізу барысында бірігіп ауқымды жұмыс атқарылуда.
Бүгінгі күнге елімізде дәрілік заттар айналымы саласында 19 отандық тауар өндіруші қызмет атқарады. Соның ішінде, Шымкент қаласында 2 ірі отандық тауар өндіруші орналасқан. Атап өтсек: «Химфарм» АҚ, «Dentafill» АҚ. ҚР дәрілік заттарды көтерме саудасындағы субъектілердің саны – 293, қоймалардың саны – 362. Оның ішінде, Алматы қаласында 187 қойма, келесі кезекте, Шымкент қаласында 38 қойма орналасқан.
Сонымен қатар, еліміздің 152 ірі дистрибьюторлардың арасында Шымкент қаласында 4 дистрибьютор қызмет атқарады. Олар: «Химфарм» АҚ, «НПО Зерде» ЖШС, «Atamiras.S» ЖШС, «AK NIET GROUP» ЖШС.
12.07.2024 жылғы жағдай бойынша Шымкент қаласында 32 субъект, 38 объект дәрілік заттарды көтерме сауда саласында қызметті жүзеге асырады.
Айта кетейік, Шымкент қаласы әкімдігімен бірігіп ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен, сондай-ақ, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының, «Атамекен» Шымкент қаласының кәсіпкерлік палатасының, «ДАМУ» Оңтүстік Қазақстан облысының фармацевтикалық және медициналық ұйымдар қауымдастығының мүшелерінің қатысуымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Т.Дүйсенованың 30.10.2023 жылғы және 01.03.2024 жылғы хаттамалық тапсырмасына сәйкес дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалауды енгізу барысында жұмыс атқарылып жатыр.
