Шымкентте дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалауды енгізу барысында жұмыс атқарылып жатыр
Елімізде дәрілік заттардың айналысы саласындағы жүзеге асырылатын қызметтің барлық деңгейінде дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау процесі енгізілді.
Шымкент қаласы әкімдігімен бірігіп ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен, сондай-ақ, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының, «Атамекен» Шымкент қаласының кәсіпкерлік палатасының, «ДАМУ» Оңтүстік Қазақстан облысының фармацевтикалық және медициналық ұйымдар қауымдастығының мүшелерінің қатысуымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Т.Дүйсенованың 30.10.2023 жылғы және 01.03.2024 жылғы хаттамалық тапсырмасына сәйкес дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалауды енгізу барысында жұмыс атқарылып жатыр.
ҚР Үкіметінің 10.12.2020 жылғы №568 «Таңбалануға жататын тауарлар тізбесін айқындау туралы» қаулысымен дәрілік заттардың 90 атауы 01.07.2022 жылдан бастап таңбалауға жататын тізімге енгізілген.
ҚР Үкіметінің 21.10.2023 жылғы №931 «Таңбалануға жататын тауарлар тізбесін айқындау туралы» қаулысымен 01.07.2024 жылдан бастап барлық дәрілік заттар таңбалауға және қадағалауға жатады. Сонымен қатар, заңнамаларға соңғы өзгерістермен таңбалауға және қадағалауға 01.07.2024 жылдан бастап өндірілген дәрілік заттар жататындығы белгіленген.
Осыған байланысты, бүгінгі күнге елімізде дәрілік заттардың айналысы саласындағы жүзеге асырылатын қызметтің барлық деңгейінде дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау процесі енгізілді.
Міндетті таңбалау мен қадағалауды енгізу дәрілік заттардың айналымын ашық етеді және тұтынушыға сатып алынған дәрілік заттарлың шынайылығы бойынша ақпаратқа қолжетімділік беруді, сондай-ақ өндірушіден пациентке дейінгі әр қаптаманың жеке есебін қамтамасыз етуді, контрафактілік және жалған өнім айналымынан қорғаудың негізгі құралдарының бірі болып табылады.
ҚР дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау мәселелері ҚР ДСМ 27.01.2021ж. №ҚР ДСМ-11 «Дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалау және медициналық бұйымдарды таңбалау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен (бұдан әрі – №ҚР ДСМ-11 бұйрығы) реттеледі.
Дәрілік заттарлы таңбалау мен қадағалауды енгізу мақсатында Департамент тарапынан атқарылған түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде фармацевтикалық қызметке мемлекеттік лицензиясы бар, алайда бүгінгі күнге фармацевтикалық қызмет көрсетпейтін субъектілер лицензияның қолданылуын тоқтатқан.
