РУС ENG
4 ноября, 2026

«Жұлдыз» индустриялық аймағының инженерлік-инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс жұмыстары 80% аяқталды

«ЖҰЛДЫЗ» индустриялық аймағы жалпы аумағы 306 га.  Бүгінгі таңда «Жұлдыз» индустриялық аймағының инженерлік-инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс жұмыстары 80% аяқталды. Инженерлік инфрақұрылым жүргізудің жалпы құны 13,7 млрд теңгені құрайды. Тапсырыс беруші – Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы.

Аймақта инвестициялық құны 126,7 млрд теңге құрайтын,  3 230 жаңа жұмыс орындарымен қамтитын 35 жоба іске асырылуда. Оның ішінде, жалпы құны 57,2 млрд теңгені құрайтын 16 жобаның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жалпы аумағы 306 га құрайды.

Ағымдағы жылы 7 жобаны жүзеге асыру арқылы 46 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланған. Атап өтсек: 1. «Wan Sheng Ceramic» ЖШС Керамикалық тақталар өндірісі – 25,5 млрд теңге; 2. «Sauran Bricks» ЖШС Автоклавты газбетон өндірісі – 5 млрд теңге; 3. «First Concrete Company» ЖШС Темір-бетон бұйымдары өндірісі – 4,7 млрд теңге; 4. «КазТермоПласт» ЖШС Полимерден құбыр, фитинг, шланг өндірісі – 2 млрд теңге; 5. «ДСК 17» ЖШС Үй құрылысы комбинаты – 7 млрд теңге; 6. «Оңтүстік Ғимарат» ЖШС Асфальтбетон өндірісі – 1 млрд теңге; 7. «Евро Знак» ЖШС Көпір және жол конструкцияларында темір-бетон өндірісі – 300 млн теңге.

Атап айтқанда:

  1. Ауыз су (100%), кәріз (90%), электр (70%), табиғи газ (95%) желілері – 7,4 млрд теңге. Қазіргі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары (мердігер мекеме «Мелиоратор» ЖШС) 90%-ға орындалды. Құрылыс жұмыстарын 2024 жылдың мамыр айында аяқтау жоспарланған.
  2. Автомобиль жолы – 2,8 млрд теңге. Қазіргі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары (мердігер мекеме «IMPYLS» ЖШС) 75%-ға орындалды. Құрылыс жұмыстарын 2024 жылдың мамыр айында аяқтау жоспарланған.
  3. Кірме, қоршау, әкімшілік ғимараты – 817,8 млн теңге. Қазіргі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары (мердігер мекеме «СК Шах» ЖШС) 20%-ға орындалды. Құрылыс жұмыстарын 2024 жылдың тамыз айында аяқтау жоспарланған.
  4. Темір жол тұйығының болжамды құны 2,7 млрд теңге. Бүгінгі таңда техникалық экономикалық негіздеме әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Сондай-ақ, жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың қарауына жолданады. Нәтижесі ағымдағы жылдың мамыр айында шығатын болады.

Сондай-ақ, Өңірлік үйлестіру кеңесінің шешімімен қатысушылар тарапынан игерілмеген 51,7 га аумақ қайтарылды. Босаған жер учаскелерінің орнына импорталмастырушы, экспортқа бағытталған ірі жобалар орналастырылатын болады.