РУС ENG
4 ноября, 2026

Қалада 2024-2028 жылдар аралығына 220 инвестициялық жобалардың пулы жасақталды

Шымкент қаласына ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларының қорытындысымен 203,7 млрд теңге инвестиция тартылып, 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 117,4% құрады. Оның ішінде, мемлекеттік бюджеттен түскен инвестициялар көлемі 29,5 млрд теңге, ал жекеменшік инвестициялар 174,2 млрд теңгені құрады.

2024 жылы жалпы 928,7 млрд теңге инвестиция тарту жоспарлануда, бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда  28,2 %-ға артуы күтілуде.

Қалада 2024-2028 жылдар аралығында жүзеге асырылатын құны 2,7 трлн теңгеге 220 инвестициялық жобалардың пулы жасақталды. Онда жаңа 30 мыңнан аса жұмыс орындары ашылатын болады.

Ал 2024 жылы жалпы құны 262 млрд теңгеге 6336 жаңа жұмыс орындарымен 64 инвестициялық жоба іске асыру жоспарлануда.

2024-2028 жылдар аралығында өңдеу өнеркәсібі салаларында 532 млрд теңгеге 9,9 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құрумен 114 инвестициялық жоба пулы қалыптастырылды.

2024 жылы 88,5 млрд теңгеге 1809 жаңа жұмыс орындарын құрумен 16 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда.

Сондай-ақ, қала аумағында жалпы аумағы 869 га құрайтын  5 өнеркәсіптік аймақ жұмыс істейді. Бүгінгі таңда  330,9 млрд теңге сомасына 344 жоба іске асырылуда. Оның ішінде, бүгінгі таңға 229,0 млрд теңгені құрайтын 287 жоба 8,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орнымен іске асырылды. Соның бірі «Оңтүстік» индустриялық аймағы. «Оңтүстік» индустриялық аймағында 101,4 млрд  теңгеге 3 мың жаңа жұмыс орындарымен 96 жоба іске асырылуда. Оның ішінде, 78 жоба іске қосылып, онда 2,7 мың жұмыс орындары ашылды және оған 96,7 млрд теңгенің инвестициясы тартылды. 2024 жылы 38 жаңа жұмыс орындарын құрумен 547 млрд теңгеге 2 инвестициялық жобаны іске асыру көзделген. Оның ішінде, 8 жаңа жұмыс орындарын құрумен 347 млн теңгеге  1 инвестициялық жоба іске асырылды. «Тассай» индустриялық аймағында 50,7 млрд теңгеге                       2,6 мың жаңа жұмыс орнымен 43 жоба іске асырылуда. Оның ішінде, жалпы құны 43,4 млрд теңгеге 30 жоба іске қосылып, онда 2 мыңнан астам жұмыс орындары ашылды. 2024 жылы 10 жаңа жұмыс орындарын құрумен 100 млн теңгеге  1 инвестициялық жоба іске асырылды. Сауда-логистикалық орталығында 43,5 млрд теңгеге    660 жұмыс орнын құрумен 8 жоба жүзеге асырылуда. Бүгінде 25,2 млрд теңгеге 287 жұмыс орнын құрумен 4 жоба жүзеге асырылған. 2024 жылы 207 жаңа жұмыс орындарын құрумен 37,2 млрд теңгеге 2 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда.