РУС ENG
4 ноября, 2026

Шымкент қаласында 902 өнеркәсіптік кәсіпорын шоғырланған

Шымкент қаласының өнеркәсіп саласында белсенді жұмыс істеп тұрған 902 өнеркәсіптік кәсіпорын шоғырланған, оның ішінде 20 – ірі, 45 – орта және 837 – шағын өндірістер.

2024 жылғы қаңтар – мамыр айларында қаланың өнеркәсіп кәсіпорындары 424,7 млрд теңгенің (2023 ж. 5 айы – 405,5 млрд тг.) өнімін өндіріп, алдыңғы жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда өнім көлемі 3,8 %-ға төмендеді.

Өнеркәсіп саласында үлесі 85,4 % құрайтын өңдеу өнеркәсібінде 628,2 млрд теңгенің (2023 ж. 5 айы – 349,2 млрд тг.) өнімі өндіріліп, өнеркәсіптік өндіріс индексі – 94,5 % құрады.

Өңдеу өнеркәсібі көлемінің төмендеуіне саланың басым бөлігін құрайтын «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-ның өндіріс көлемінің азаюы есебінен орын алды. Өйткені зауыт ҚР Энергетика министрлігінің жоспар-кестесіне сәйкес 2024 жылдың 25 наурыздан 23 сәуірге дейін жоспарлы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін өндіріс тоқтатылды.

Алайда, өңдеу өнеркәсібінің негізгі салаларында тұрақты өсу динамикасы қалыптасқан, атап айтқанда: жиһаз өндіруде 34,2 %-ға, дайын металл бұйымдарын өндіруде 44,1 %-ға, фармацевтикалық өнімдер мен препараттар өндіруде 35,9 %-ға, сусындар өндіруде 10,5 %-ға, өзге де дайын бұйымдарын өндіруде 3,0 %-ға, резина және пластмасса бұйымдарын өндіруде 2,0 %-ға және тамақ өнімдерін өндіруде 0,3 %-ға өнім көлемі артқан.

Жыл соңына дейін 1 107,5 млрд теңгенің өнімі өндіріліп,  өткен жылға қарағанда 102,5 % құрайды деп болжануда.

Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасына 2024 жылға жалпы                        7 нысаналы индикатор белгіленген:

Өңірлік 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарында                    7 нысаналы индикатордың 2024 жылғы 5 айдың қорытындысымен орындалуы келесідей.

  1. Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 2024 ж. 5 айында 362,8 млрд теңгені құрады. (Жылдық жоспар – 825 млрд. тг.).
  2. Мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру көлемінің жоспары                 80 мың тонна болса, а.ж. 5 айында нақты 20,8 мың тоннаны құрады.
  3. Негізгі капиталға инвестицияларының көлемі 2019 жылдың сәйкес деңгейіне қарағанда 6,9 есеге өсті. (Жылдық жоспар – 476%).
  4. «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды шағару бойынша жаңа өндірістер саны» индикатор бойынша 2024 жылы 1 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.
  5. Экономикадағы орта кәсіпкерліктің үлесі 2023 жылғы қорытындысымен 8,5 пайызды құрады. (Жылдық жоспар – 10,5%).

Индикатордың статистикалық деректері тоқсан сайын жарияланады және бір тоқсан кешігіп жүреді. 2024 жылғы 1 тоқсанның қорытындысы бойынша көрсеткіш 2024 жылдың 15 шілдесінде жарияланады.

  1. Қаржылық қолдау шараларын алған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 473 бірлікті құрады. (Жылдық жоспар – 257 бірлік).
  2. Цифрлық технологияларды пайдаланатын өңдеуші өнеркәсіптегі ірі және орта кәсіпорындардың үлесі бойынша жылдық жоспар 13,3 пайыз болып белгіленген. Бұл көрсеткіштің статистикалық деректері кешігіп жария етіледі (Стат.деректер жылына 1 рет, яғни, 2024 жылдың деректері 2025 жылдың мамыр айында жарияланады).