РУС ENG
4 ноября, 2026

Шымкент: 2 ауыл шаруашылығы нысандарының құрылыс жұмыстары 100 пайызға орындалған

Шымкент қаласында биыл әлеуметтік нысандар құрылысы қарқынды.

Атап өтсек: 2 ауыл шаруашылығы нысандарының құрылысын аяқтау жоспарлануда, 4 мемлекеттік орган нысандарының құрылысы жүргізілуде, 1 әлеуметтік қамтамасыз ету нысанының құрылысы жүргізілуде, 1 денсаулық сақтау нысанының ЖСҚ-сы дайын және 2 жобаның ЖСҚ әзірленуде.

  • 2 ауыл шаруашылығы нысандарының құрылысын аяқтау жоспарлануда (Ақтас ш.а орналасқан қаңғыбас иттер мен мысықтарды уақытша ұстауға арналған баспана құрылысы және Ақтас ш.а орналасқан ғимаратқа сыртқы инженерлік-инфрақұрылым құрылысы). Қазіргі таңда, аталған нысандарда құрылыс жұмыстары 100 пайызға орындалған. Нысанды қабылдау жұмыстары жүргізілуде.
  • 4 мемлекеттік орган нысандарының құрылысы жүргізілуде (Абай 2/9 әкімшілік ғимаратқа қосымша ғимарат салу, Момышұлы 27 а ғимаратты күрделі жөндеу, Диваев 4 ПД әкімшілік ғимаратын реконструкциялау, Әкімшілік-іскерлік орталықта әкімшілік ғимарат салу).

Оның ішінде, 3 нысан құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланса (Абай 2/9 әкімшілік ғимаратқа қосымша ғимарат салу. ҚМЖ-55%, Момышұлы 27 а ғимаратты күрделі жөндеу. ҚМЖ-95%, Диваев 4 ПД әкімшілік ғимаратын реконструкциялау. ҚМЖ-60%) 1 нысанның құрылысы 2025 жылға өтпелі (Әкімшілік-іскерлік орталықта әкімшілік ғимарат салу. ҚМЖ-10%).

Сонымен қатар, 1 жобаның ЖСҚ әзірленуде (Қазбек би 36 әкімшілік ғимарат).

  • 1 әлеуметтік қамтамасыз ету нысанының құрылысы жүргізілуде. («№1 арнаулы қызметтер көрсету орталығы» қосымша 50 орындық ғимарат құрылысы. ҚМЖ-15%). Нысанның құрылысы 2025 жылға өтпелі.

Сонымен қатар, 1 жобаның ЖСҚ-сы дайын (Шымкент қаласында мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған 150 орындық оңалту орталығы) және 1 жобаның ЖСҚ әзірленуде («Мейірім» оңалту орталығы МКҚК-ның 100 орындық ғимаратын салу).

  • 1 денсаулық сақтау нысанының (Қан орталығы МКК қосымша ғимарат құрылысы) ЖСҚ-сы дайын және 2 жобаның ЖСҚ әзірленуде (Ақжайық шағын ауданында 200 төсек орынға арналған перинаталдық орталық құрылысы және Алдярова көшесіндегі перзентханаға қосымша корпус салу) әзірленуде.

Айтып өтейік, 2024 жылы құрылыс басқармасы тарапынан 144,1 млрд. тенгеге 103 жоба немесе 137 нысанның құрылысын салу жоспарланған. Оның ішінде 116 нысанның құрылысы жыл соңына дейін тапсырылатын болады. Қалған 21 нысанның құрылысы 2025 жылға өтпелі.