РУС ENG
4 ноября, 2026

Шымкент: 2 спорт нысандарының құрылысы жүргізілуде

Биыл Шымкент қаласы құрылыс басқармасы тарапынан 144,1 млрд. тенгеге 103 жоба немесе 137 нысанның құрылысын салу жоспарланған. Оның ішінде 116 нысанның құрылысы жыл соңына дейін тапсырылатын болады. Қалған 21 нысанның құрылысы 2025 жылға өтпелі.

Әлеуметтік нысандар құрылысына келсек, 2 спорт нысандарының құрылысы жүргізілуде, 4 мәдениет нысандарының құрылысын аяқтау жоспарлануда,  2 төтенше жағдайлар нысандарының құрылысы жүрігізілуде, 1 қорғаныс нысанның құрылысы жүрігізілуде, 2 абаттандыру нысандарының құрылысы жүргізілуде.

  • 2 спорт нысандарының құрылысы жүргізілуде (№12 спорт мектебі және №15 спорт мектебі). Ағымдағы жылы 1 спорт нысанының құрылысын (№12 спорт мектебі. ҚМЖ-70%) аяқтау жоспарланған. 1 нысан (№15 спорт мектебі. ҚМЖ-10%) құрылысы 2025 жылға өтпелі.

Сонымен қатар, 1 жобаның ЖСҚ дайын (Тұран шағын ауданы 5 га жер учаскісінде көпфункционалды теннис орталығы) және 2 жобаның ЖСҚ әзірленуде («Шымкент қаласының №1 олимпиада резервінің мамандандырылған бабалар-жасөспірімдер спорт мектебі» және Паралимпияда, сурдолимпияда спорт кешенінің құрылысы).

— 4 мәдениет нысандарының құрылысын аяқтау жоспарлануда (Өтеміс мәдениет үйін қайта жаңарту, Бозарыққақпа мәдениет үйін қайта жаңарту, Көкбұлақ мәдениет үйін қайта жаңарту, Қайнарбұлақ мәдениет үйін қайта жаңарту). Қазіргі таңда, аталған нысандарда құрылыс жұмыстары 50 пайызға жуық орындалған.

Сонымен қатар, Опера және балет театрының ЖСҚ-сы әзірленуде.

  • 2 төтенше жағдайлар (Сайрам шаған ауданындағы 4 көлікке арналған өрт сөндіру депосы, Тұран ш/а 4 көлікке арналған өрт сөндіру депосы) нысандарының құрылысы жүрігізілуде. 1 нысанның (Сайрам шаған ауданындағы 4 көлікке арналған өрт сөндіру депосы. ҚМЖ-70%) құрылысын ағымдағы жылы аяқтау жоспарланған. Ал,1 нысанның (Тұран ш/а 4 көлікке арналған өрт сөндіру депосы. ҚМЖ-5%) құрылысы 2025 жылға өтпелі.

Сонымен қатар, 1 жобаның ЖСҚ дайын (Қайнарбұлақ жедел құтқару кешені) және 5 жобаның ЖСҚ әзірленуде (Елтай, Жаңаталап, Бозарық, Таскен, Сәуле шағын аудандарындағы жедел қызмет көрсету орталықтары).

  • 1 қорғаныс (Сарбаздар 8 ғимаратын реконструкциялау. ҚМЖ-10%) нысанның құрылысы жүрігізілуде. Нысан жыл соңына дейін пайдалануға тапсырылады.

Сонымен қатар, 1 жобаның ЖСҚ дайын («Жас ұлан» мектебін қайта құру) және 1 жобаның ЖСҚ әзірленуде (Шаян ауылында басқару пункті).

  • 2 абаттандыру нысандарының құрылысы жүргізілуде. (Шымсити ш.а. 20,4 га және 6,9 га саябақ және Шымсити ш.а. 18 га саябақ құрылысы). 1 нысанның (Шымсити ш.а. 20,4 га және 6,9 га саябақ. ҚМЖ-95%) құрылысын ағымдағы жылы аяқтау жоспарланған. Ал, құрылысы 2023 жылы басталған 1 нысан (Шымсити ш.а. 18 га саябақ құрылысы) қаржысы қарастырылмауына байланысты құрылысы тоқтатылған.

Сонымен қатар, Тұран ш/а Этносабақ құрылысының ЖСҚ-сы әзірленуде.