Шымкентте биыл Ұлттық жоба аясындағы 12 мектептің құрылысы аяқталады
Шымкент қаласында әлеуметтік нысандар құрылысы қарқынды. Атап өтсек, 11 білім нысандарының құрылысын жүргізу жоспарланған, 2 спорт нысанның құрылысы жүргізілуде, 4 мәдениет нысандарының құрылысын аяқтау жоспарланған, 1 қорғаныс (Сарбаздар 8 ғимаратын реконструкциялау. ҚМЖ-10%) нысанның құрылысы жүрігізілуде, 2 абаттандыру нысандарының құрылысы жүргізілуде, 2 ауыл шаруашылығы нысандарының құрылысын аяқтау жоспарлануда, 4 мемлекеттік орган нысандарының құрылысы жүргізілуде, 1 әлеуметтік қамтамасыз ету нысанының құрылысы жүргізілуде, 1 денсаулық сақтау нысанының (Қан орталығы МКК қосымша ғимарат құрылысы) ЖСҚ-сы дайын және 2 жобаның ЖСҚ әзірленуде .
Білім нысандарының құрылысына келсек, қалада 11 білім нысандарының құрылысын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде: Жаңа құрылыс – 6 (№39, №50 мектептерге қосымша ғимараттар (600 орын), Тельман 1200 орындық мектеп, Тұран ш.а. 2 оқушылар сарайы-500 орын, Сайрам шағын ауданындағы №10 колледжге қосымша ғимарат-300 орын, №2 интернат мектеп-40 орын), күрделі жөндеу – 5 нысан (№8, 48, 80, 120 мектептер, Шымкент аграрлық-техникалық колледж ғимараты). 6 жаңа құрылыс нысандарының 5 нысаны (№39, №50 мектептерге қосымша ғимараттар (600 орын), Тұран ш.а. 2 оқушылар сарайы-500 орын, Сайрам шағын ауданындағы №10 колледжге қосымша ғимарат-300 орын, №2 интернат мектеп-40 орын) ағымдағы жылы пайдалануға тапсыру жоспарланса, қалған 1 нысанның құрылысы (Тельман 1200 орындық мектеп. ҚМЖ-5%) 2025 жылға өтпелі.
Ал, 5 күрделі жөндеу нысанының 4 нысаны жыл соңына дейін пайдалануға тапсырылады. Қалған 1 нысанның құрылысы (Шымкент аграрлық-техникалық колледж ғимараты) 2025 жылға өтпелі.
Сонымен қатар, 3 625 орынға арналған 11 білім нысандарының ЖСҚ-сы дайын (№19,25,41,53,66,68,82,116,121,122 мектептерге қосыша ғимараттар және Сайрам т.а. 300 орынға арналған жатақхана құрылысы).
Бұдан бөлек, Шымкент қаласында Ұлттық жоба аясында 18 мектептің (28 000 орын) құрылысын іске асырылуда. Соның ішінде, 12 мектептің (17 300 орын) құрылысын 2024 жылы ал, 6 мектептің (10 300 орын) құрылысын 2025 жылы аяқтау жоспарланған.
