Қала аумағында 12 инженерлік инфрақұрылым нысанның құрылысын жүргізу жоспарланған
Қала аумағында биыл 12 инженерлік инфрақұрылым нысанның құрылысын жүргізу жоспарланған. Оның, 11 нысаны 2024 жылдың қорытындысымен пайдалануға тапсыру жоспарланған. Атап айтқанда:
- Бозарық ш/а — 7 нысан;
- Тұран ш/а – 3 нысан;
- Әкімішілік іскерлік орталығы – 1 нысан;
- Ақжайық ш/а – 1 нысан.
- Қалған 1 нысанның (Ақжайық ш/а) құрылысы 2025 жылға өтпелі.
Бұдан бөлек, 2 нысанның (Тұран ш/а 40 үйге 1-кезек, Тұран ш/а 40 үйге 2-кезек) ЖСҚ-сы әзірленуде.
Өткен жылы «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-не қала бюджетінен жалпы 1,041 (бір миллиярд қырық бір мың) теңге бөлініп, қала аумағында орналасқан 16 көпқабатты тұрғын үйдің жалпы мүлкіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 2023 жылдың екінші жарты жылдығында жалпы мүлік иелеріне пайдалануға берілген.
2024 жылы күрделі жөндеу жұмыстарынан үнемделген қаржы есебінен 79 көпқабатты тұрғын үйдің жалпы мүлкіне техникалық зерттеу жұмыстары жүргізіліп және жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынған. Сонымен қатар, 1-кезеңде қала аумағындағы 11 көпқабатты тұрғын үйдің жалпы мүлкін күрделі жөндеуден өткізу үшін жергілікті бюджетке өтінім беріліп, 1 139 993 (бір миллиярд бір жүз отыз тоғыз мың тоғыз жүз тоқсан үш) теңге қаржы сұратылуда.
Сонымен қатар, қала аумағындағы тозығы жеткен 24 жедел саты (лифт) бойынша арнайы сараптама өткізіліп, оң қорытындысы алынған. Қазіргі таңда осы жедел сатыны орнату үшін жергілікті бюджетке өтінім беріліп, 367 200 (үш жүз алпыс жеті миллион екі жүз мың) теңге қаржы сұратылуда.
Кепілдік мерзіміндегі тұрғын үйлерге келсек, қазіргі таңда, басқарма есебінде 174 (10 382 пәтер) көпқабатты тұрғын үйдің кепілдік мерзімдері бар (Тұран-2 ш/а-88 үй, Шымкент сити ш/а-24 үй, Нұрсат-3 ш/а-44 үй, Бозарық ш/а-18 үй).
2024 жылдың 5 айында 10 382 пәтерден 198 кемшілік анықталып, оның 188-і кепілдік мерзімге сәйкес мердігер мекемелер тарапынан қалпына келтірілді. Қалған 10 кемшілік бойынша қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Өткен жылы 10 382 пәтерден 556 кемшілік анықталып, қалпына келтірілген.
Айта кетейік, 2024 жылы басқарма тарапынан келісім шарт талаптарын орындамағын үшін мердігер мекемелерге, техникалық және авторлық қадағалаушыларға 5,6 млн айыппұл салынып өндірілді. Сондай-ақ, 1 мердігер мекеме («Корпорация Сити-строй» ЖШС) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы болып танылды. Ал, өткен жылы 5 мердігер мекеме мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы болып танылды Олар:«ПМК-7К» ЖШС, «ГеоНұр» ЖШС, «BuildStroi» ЖШС, «SheberBuild» ЖШС, «Нұр Строй COM» ЖШС.
