Шымкент: Биыл қаладағы 500 ескі аялдаманы жаңалау жоспарланған
Жалпы, қала аумағындағы аялдама орындары – 1886 құрайды. Павильондармен қамтамасыз етілгені – 1338, оның ескі үлгідегі аялдама саны – 500, ал жаңа үлгідегі аялдама – 838.
Осыған байланысты, ағымдағы жылы қала аумағын толық аялдама павильонымен қамтамасыз ету үшін қажетті аймақтарға 398 аялдама орнату және 500 ескі аялдаманы жаңалау жоспарланды.
2024 жылдың ІІІ-ші тоқсанында 898 жаңа аялдама павильондарын орнату жұмыстарын бастау жоспарланып отыр. Сонымен қатар, қаланың орталығында орналақан 200 аялдамаға атауларын орнату жұмыстары іске асырылуда.
Жол саласына келсек, статистикаға сәйкес, Шымкент қаласы автокөлік көбеюі жағынан елімізде көш бастап тұрған қалалардың бірі болып отыр. Осыған орай, соңғы жылдары қалада жол құрылысы бұрын соңды болмаған қарқынмен дамуда. Шымкент қаласы бойынша жолдардың жалпы ұзындығы 3 247,6 шқ. құрайды. Оның ішінде: асфальтбетонды жабындысы – 2312,3 шақырым, шағал тас – 831,4 шақырым, топырақ жолдар — 103,9 шақырымды құрайды. Жыл соңына дейін жолдың жақсы және қанағаттанарлық жағдайын 71,2% жеткізу мақсатында жұмыстар жүргізілуде.
2024 жылы Шымкент қаласының жол желісін дамыту 47 нысанды немесе 159,6 шақырым жол жөндеу жұмыстарын қамтиды. Оның ішінде: құрылыс және қайта жаңғырту – 17 нысан немесе 49,9 шқ; күрделі жөндеу – 2 нысан немесе 17,1 шқ; орташа жөндеу 29 нысан немесе 92,6 шқ. Жыл қорытындысымен 35 нысан немесе 113,2 шақырым жолды пайдалануға беру жоспарлануда.
Жол-көлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге келсек, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз бойынша 450 шқ. жолдарды таңбалау жұмыстары, 85 000 м2 шұңқырларды жамау, тегістеу қабаттарын салу, тротуарларда пайда болған ақауларды жою жұмыстары 296 бағдаршам нысанын, 16 500 дана жол белгілерін күтіп ұстау, 16 дана жаңа бағдаршам орнату, 4000 дана жол белгілерін орнату жұмыстары атқарылуда. Ағымдағы жылы 800 метр жасанды жол кедергілер орнатылды.
Жол қиылыстары мен көлік өткізу қабілетін арттыру мақсатында жыл соңына дейін 190 бағдаршам нысанында интеллектуалды көлік жүйесін енгізу жоспарлануда. Жоспар бойынша 2026 жылға қарай қаладағы барлық бағдаршамдар толық интеллектуалды көлік жүйесі ITS-ке қосылады.
