РУС ENG
4 ноября, 2026

Шымкент: Қоғамдық көлікпен 100% қамтылған

Шымкент қаласының дамуы жолында жол инфрақұрылымы мен көлік саласын өркендету міндеттеріне үлкен жауапкершілік жүктелген.

Бұл бағытта Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан жыл басынан бері атқарылған жұмыстар аз емес.

Қоғамдық көлік мәселесі мегаполистің өзекті проблемасы екенін ескере отырып, 2024 жылдың басынан бері бірқатар өзгерістер енгізілді. 2020 жылы қалалық мәслихатпен жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасы бекітілді. Схемаға сәйкес, 77 маршрутты құрайтын жаңа маршруттық желісі әзірленді. Маршруттық желісімен 6 ХАБ, 33 жеткізуші,  39 магистралды және  6 айналма маршруттары қаралған. Бүгінгі танда маршруттар толығымен қызмет көрсетуде, қала аумағындағы сонымен қатар, шет аймақтарда орналасқан  барлық шағын аудандар мен тұрғын алаптар қоғамдық көлікпен 100% қамтылған.

Қазіргі уақытта күнделікті 916 автобус және 11 тасымалдаушы компания жолаушыларды тасымалдау қызметін көрсетеді. 2024 жылғы 5 айда тасымалданған жолаушы саны – 36 738 679 құрайды. Сонымен қатар, жалпы автобустар саны резервпен қоса – 1140 болса, оның 640-ы газ метанмен, 464-і дизельмен және 36-сы бензинмен жүреді.

Биыл Шымкент қаласында 229 қоғамдық көлік жаңарту жоспарлануда. Оның ішінде, бүгінде «Автоимпульс» ЖШС тарапынан «Zhongtong» маркалы 5 жаңа автобус наурыз айынан бастап, «Санжар моторс» ЖШС және ЖК «Абдуганиев» «SAZ LE 60» маркалы 12 автобус мамыр айынан бастап, «Ман-оңтүстік» ЖШС «Youtong» маркалы 3 жаңа автобус қызмет көрсетуде.

Жалпы бүгінде қаладағы 1142 автобустың 95 пайызға жуығы соңғы 5 жылда алынған. Қоғамдық көліктер жыл сайын кезең-кезеңімен жаңартылуда.

Бүгінде қоғамдық көліктерде тегін жүру құқығы І-топтағы мүгедектерге, «Батыр ана», «Алтын алқа», «Күміс алқа» төс белгі иегерлеріне, Тыл ардагерлеріне, зағип жандарға және олармен бірге жүретін бір адамға берілген. Ал 7-18 жасқа дейін мектеп оқушыларына тарифтің 50 пайызын төлеу жеңілдігі, студенттерге 50 теңге төлеу қарастырылған.