Қаладағы жалпы лифтілер саны – 794
Қаладағы жалпы лифтілер саны – 794. Оның ішінде: Тұрғын үйлерде орнатылған лифттер саны — 645; Денсаулық сақтау мекемелерінде- 55; Білім беру басқармасына қарасты мектептерде- 37; Қоғамдық орындарда, сауда орталықтарында және қонақ үйлерде-57.
ҚР «Азаматтық қорғау» Заңының талаптарын орындалуын қамтамасыз ету мақсатында 2024 жыл басынан 22 лифтілерге комиссиялық сынақтар өткізілді және 40 лифт тіркеуге қойылды. Бүгінгі таңда жүк көтергіш құралдырын тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет реестріне енгізіліп электронды түрде «Egov.kz» арқылы жүргізілуде.
Жүк көтергіш құралдарды пайдаланудағы қызмет көрсетуші мекемелермен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қауіпсіздік шараларын алдын алу мақсатында және лифтілерге қызмет көрсетуші мекемелердің қызметінің жауапкершілігін арттыру үшін, «Айкөмек 109» бірыңғай байланыс орталығымен интегерацияланған.
Нәтижесінде, Басқарманың тұрақты бақылауында болғандықтан, тұрғындар тарапынан лифтіні пайдалану кезінде лифтіде адам қалу, лифт тоқтап қалу жәйттері орын алған жағдайда қызмет көрсетуші мекемелеріне шұғыл әрекет ету бойынша уақытылы тапсырма жолданылып отырады.
Мүліктің меншік иелері бірлестіктерінің (МИБ) институтын енгізу жөніндегі реформаны іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында бүгінгі күні қала аумағында
- 2452 көпқабатты тұрғын үйлер
- 2106 басқару нысанын тіркеуге жататын тұрғын үйлер
Қала бойынша:
— 157 – мүліктің меншік иелері бірлестіктері (МИБ)
— 1699 — жай серіктестік (ЖС) құрылған.
— 1856 — басқару нысанын жалпы тіркелген саны.
Қала бойынша тіркелген басқару объектілерінің жалпы саны 88.1% құрайды.
ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті бекіткен жол карталарына сәйкес:
— Кондоминиумды басқару жүйесін таңдау жұмыстары жалғастыруда.
-«Е-Шаңырақ» республикалық ақпараттық жүйесіне көппәтерлі тұрғын үйлердің техникалық паспорттарын енгізу жұмыстары 100% аяқталды.
— Заң талаптарына сәйкес кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшері 27,3 теңге болып бекітілді.
— «EASY project» Республикалық бағдарламасына бекітілген жол карталарына сәйкес кондоминиум объектілерін басқару нысандарын таңдау бойынша жергілікті органдармен атқарылған жұмыс туралы тиісті мәліметтер Шымкент қаласы бойынша енгізіліп отыруда.
Тұрақты негізде аудан әкімдіктерімен бірлесіп қала тұрғындары арасында мүлік иелері бірлестіктерінің институтын енгізуді реформалауды насихаттау, сондай-ақ БАҚ, ТВ, интернет ресурстар және басқа да құралдар арқылы жұмыс жүргізілуде.
Бүгінгі таңда ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде және заңға тәуелді актілер яғни НКА (нормативтік құқықтық актілер) қабылдануы ҚР жауапты министрліктер тарапынан НКА жобасы дайындалуда.
