Қала аумағында мүліктің меншік иелері бірлестіктері (МИБ) 157
Мүліктің меншік иелері бірлестіктерінің (МИБ) институтын енгізу жөніндегі реформаны іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында бүгінгі күні қала аумағында
- 2452 көпқабатты тұрғын үйлер
- 2106 басқару нысанын тіркеуге жататын тұрғын үйлер
Қала бойынша:
— 157 – мүліктің меншік иелері бірлестіктері (МИБ)
— 1699 — жай серіктестік (ЖС) құрылған.
— 1856 — басқару нысанын жалпы тіркелген саны.
Қала бойынша тіркелген басқару объектілерінің жалпы саны 88.1% құрайды.
ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті бекіткен жол карталарына сәйкес:
— Кондоминиумды басқару жүйесін таңдау жұмыстары жалғастыруда.
-«Е-Шаңырақ» республикалық ақпараттық жүйесіне көппәтерлі тұрғын үйлердің техникалық паспорттарын енгізу жұмыстары 100% аяқталды.
— Заң талаптарына сәйкес кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшері 27,3 теңге болып бекітілді.
— «EASY project» Республикалық бағдарламасына бекітілген жол карталарына сәйкес кондоминиум объектілерін басқару нысандарын таңдау бойынша жергілікті органдармен атқарылған жұмыс туралы тиісті мәліметтер Шымкент қаласы бойынша енгізіліп отыруда.
Тұрақты негізде аудан әкімдіктерімен бірлесіп қала тұрғындары арасында мүлік иелері бірлестіктерінің институтын енгізуді реформалауды насихаттау, сондай-ақ БАҚ, ТВ, интернет ресурстар және басқа да құралдар арқылы жұмыс жүргізілуде.
Бүгінгі таңда ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде және заңға тәуелді актілер яғни НКА (нормативтік құқықтық актілер) қабылдануы ҚР жауапты министрліктер тарапынан НКА жобасы дайындалуда.
Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының негiзгi бағыттары: сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыру; құрылыс қызметi субъектiлерiн лицензиялау және мамандарды аттестаттау; тұрғын үй инспекциясы; газтехникалық инспекция.
Жыл басынан бері басқармаға құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталатындығы туралы 384 (5 ай — 222) хабарлама басқарма реестрінде тіркелді. Бюджеттік қаражат есебінен — 35 (5 ай — 42) хабарлама. Жеке қаражат есебінен — 349 (5 ай — 180) хабарлама.
Объектілердің пайдалануға қабылдау актілерін салыстырып қарау бойынша 345 (5 ай — 402) өтініш түскен. Оның ішінде 108 (5 ай — 153) өтініші оң қараумен қаралған.
Ағымдағы жылы жалпы 56 (5 ай — 29) құрылыс нысандарына қатысты тексеру тағайындау актілері ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне тіркелді. 3 тексеру актілері бойынша тексеру жүргізілуде. Тексеру нәтижелерінде 35 (5 ай — 26) құрылыс нысандарында анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.
Басқармамен ағымдағы жылы жалпы 42 (5 ай — 138) құрылыс объектілері бойынша 92 (5 ай — 361) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды (22 798 040 теңге). Өндірілгені (14 638 780 теңге) .
