РУС ENG
4 ноября, 2026

МАХМҰД САБЫРХАН ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖОЛДАМА ИЕГЕРІ

М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің «Спорт және туризм» факультетінің магистранты Махмуд Сабырхан бокстан Париж Олимпиадасының жолдамасына ие болды.

Бусто Арсицио (Италия) қаласында өтіп жатқан лицензиялық олимпиадалық турнирдің қорытындысы бойынша қазақстандық 5 боксшы алдағы Олимпиадаға жолдама ұтып алды. Солардың ішінде 57 келі салмақта сынға түскен Әлем чемпионы Махмуд Сабырхан шешуші айқаста тәжікстандық Асрор Вахидовпен қолғап түйістіріп, 4:1 есебімен жеңді. Енді, жерлесіміз көптен күткен Париж Олимпиадасының шаршы рингінде бақ сынайтын болады.

Махмуд Сабырхан бұған дейін әлем чемпионатында 2021 жылы күміс, 2023 жылы алтын медаль алды. Сондай-ақ, 2022 жылы Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды.

Жеңіс құтты болсын! Сәттілік!