РУС ENG
4 ноября, 2026

Шымкент: мемлекеттік медициналық мекемелерде барлығы 2260 бейнекамера орнатылған

Бүгінде қаламызда денсаулық сақтау саласында ашықтықты енгізу мақсатында ауқымды жобалар қабылданып, нәтижелі жұмыстар атқарылуда.

Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлықпен күрестегі негізгі құралдарының бірі –ашықтық. Мемлекеттік органның ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Басқарманың міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары, бюджеттік орындалуы, бюджеттік бағдарламалар, бюджеттің жоспарлау сатысы бойынша ақпарат «Ашық үкімет» базасында «Ашық бюджеттер» порталында және Басқарманың вэб сайтындағы «Азаматтық бюджет» тармағына салынып өз кезінде нақтылап өзгерту жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасына ведомстволық бағынысты мемлекеттік медициналық мекемелерде барлығы  2260 бейнекамера орнатылған. Бейнекамералар стационар, перзентханаларға және балалар ауруханасының дәліздеріне т.б медицина ұйымдарының кабинеттеріне орнатылған.

Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасына ведомстволық бағынысты мемлекеттік медициналық мекемелер үшін ақылы медициналық қызметтерге бірыңғай тарифтерді жеке қолданудың құқықтық актісімен бекіту мүмкіндігін қарастыру көзделген. Нәтижесінде Басқарманың «Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының мемлекеттік кәсіпорындарының ақылы қызметтері туралы» 2024 жылғы 2 сәуірдегі №97 бұйрығына сәйкес Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының мемлекеттік кәсіпорындарының ақылы қызметтері «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде ұсынылатын медициналық қызметтерге тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-170/2020 бұйрығында көзделген бағамен теңестірілді. Бұл өз шегінде Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының мемлекеттік кәсіпорындарының ақылы қызметтерінің бір бағада болуына және халыққа медициналық қызметтердің қолжетімділігіне оң әсер етеді.

Кадр мәселесі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатынада жұмыстар атқарылуда екендігі анықталды. Медицина мекемелеріне жұмысқа қабылдауды ашық және объективті өткізу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша жою мақсатында Денсаулық сақтау басқармасы 2022 жылы 8 қыркүйекте №38-02-04/3956 санды шығыс хатпен қалалық Цифрландыру басқармасымен бірлесе отырып қазіргі уақытта «i-shymkent.kz» порталы арқылы НR-процесс жүйесін жүргізу қолға алынып, интеграциялау жұмыстары жүргізілген.