БИЫЛ ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАРЫҚТАНДЫРУ КӨРСЕТКІШІ 16,0%-ДАН, 43,5%-ҒА ЖЕТЕТІН БОЛАДЫ
Қазіргі таңда Еңбекші аудан аумағында жарықтандырылған көше саны — 117. 2021 жылы 18 көше жарықтандырылса, ал мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасы аясында 2022 жылы әлеуметтік нысандарға жақын орналасқан 22 көше жарықтандырылды. 2023 жылы – 28 көшені жарықтандыру жоспарда бар.
2024 жылы – 200 көшені жарықтандыру жоспарлануда. Қазіргі таңда техникалық шарт алу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Биылғы жылдың қорытындысымен жарықтандырылатын көше саны 317-ні құрап, аудандағы жарықтандыру көрсеткіші 16,0%-дан, 43,5%-ға жететін болады.
Абаттандыру мәселесіне келсек, аудан бойынша 283 көпқабатты үйлер 132 аулаға біріктірілген. 2021 жылдан бастап абаттандыру жұмыстары «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында іске асырылуда. Бұл дегеніміз тұрғындар өз ұсыныстарын жасау арқылы, жергілікті бюджеттің қалыптасуына қатысады. 2023 жылы 29 балалар ойын алаңшасын құру жоспарланған болатын. 27 балалар ойын алаңшасы орнатылып, 2 шарт бұзылды.
«Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 2024 жылы
44 көпқабатты үйдің аулаларын абаттандыру және жеке секторда
11 мекен-жайда кешенді балалар ойын алаңшасын орнату жоспарлануда. Қалған абаттандыруды қажет ететін 39 ауланы абаттандыру 2025 жылға жоспарлануда («11», «12», «Цементшілер», Көксай-2 шағын аудандары мен Қаратөбе, Жұлдыз тұрғын алаптары).
Спорт алаңшалары бойынша, 2022 жылдың қорытындысымен спорт алаңшалар саны 107 дана құрады. Қала аумағында жаңа «Тұран» ауданының ашылуына байланысты Еңбекші ауданы аумағынан Әл-Фараби ауданы әкімшілік шекаралық аумағына 58 дана ашық спорт алаңшалары тапсырылды. Қазіргі таңда аудан аумағында 49 дана ашық спорт алаңшалары орналасқан. 2023 жылға 7 спорт алаңшасын орнату жоспарланып, тұрғындардың пайдалануына тапсырылды.
2024 жылы 8 ашық спорт алаңшасын орнату жоспарлануда.
