Қаратау ауданы: 2025 жылдың соңына дейін көп қабатты үй аулаларын 100 % абаттандыру жоспарланған
Шымкент қаласы Қаратау аудан аумағындағы аулаларды абаттандыру жұмыстарына келсек, аудан аумағында 603 көп қабатты үй 210 аулаға біріктірілген. 210 ауланың 189 ауласы абаттандырылған.
2024 жылы халық қатысатын бюджет жобасы аясында ағымдағы жылы 21 балалар ойын алаңы (көп қабатты үй аумағында 5 аула) мен 9 ашық спорт алаңшасын салу жоспарланған.
2025 жылдың соңына дейін көп қабатты үй аулаларын 100 % абаттандыру жоспарланған.
Аудан аумағында гүлзар салу жұмыстарына келсек, Қаратау ауданы аумағында 2 саябақ, 9 гүлзар бар. Аудан тұрғындарына қолайлы орта қалыптастыру мақсатында аудан аумағында 2023 жылы 6 гүлзар пайдалануға берілсе, ағымдағы жылы 8 гүлзар салу жоспарланған.
Аудан аумағындағы су алу қаупі бар орындар мен ирригациялық арық салу бойынша жұмыстарға келсек, аудан аумағында су басу және көлдеу қаупі бар 33 мекенжай анықталып, 2023 жылы 17 орынға (Ұзындығы 15,1 шақырым) ирригациялық жүйелер салу жұмыстары атқарылды. 2024 жылы 11 орынға (9,5 шақырым) ирригациялық арық жүйелерін салу жұмыстары жүргізіледі. Ал, қалған 9 орынды 2025 жылы атқару жоспарда.
Көп қабатты үйлердің қасбеттерін жөндеуге келсек, аудан аумағындағы орталық көшелердегі көп қабатты үйлердің қасбеттерін ретке келтіріп, жаңаша келбет қалыптастыру мақсатында тұрғын үй басқармасына 52 көпқабатты үйдің қасбетін реттеу және әрлеу үшін ұсыныс жолданған.
Көпқабатты үйлердің сыртқы қасбетіне «Мурал» салу жұмыстары бойынша, Қаратау ауданы аумағындағы Т.Назарбеков, Ұ.Арғынбеков көшелерімен Н.Назарбаев даңғылы бойында орналасқан 13 көпқабатты үйдің қасбетіне Мурал салу ағымдағы жылдың жоспарына енгізілген.
Айта кетейік, аудан аумағы 19 500 гектар, халық саны 213 мыңнан астам. Қаратау аудан аумағында 18 елді мекен. Көшелер саны – 595, жеке тұрғын үйлер саны – 29 762, көп қабатты үйлер саны – 603, ал демалыс орындарының саны – 11. Инфрақұрылым жүйесімен қамту жұмыстарына келсек, ауыз сумен қамту көрсеткіші 98 %, электр жарығымен қамту көрсеткіші 98 %, табиғи газбен қамту көрсеткіші 96 %.
