РУС ENG
4 ноября, 2026

Тұран ауданының әлеуметтік-инфрақұрылымдық дамуы

Тұран ауданы — Шымкент қаласы құрамындағы әкімшілік бірлік. 2022 жылы 7 шілдеде құрылды. Ауданның аумағы 36,3 мың га (қала аумағының 32%). Тұран ауданына қарасты елді мекендердің 90,5 % сапалы ауыз сумен қамтылған. 2026 жылы 100 % сапалы ауыз сумен қамтылатын болады. Ал, 85,7% табиғи газбен қамтылса, 95,2 % электр қуатымен қамтылған. 2026 жылы табиғи газбен – 100 %, 2025 жылы – 100 % сапалы электр қуатымен қамту жоспарланған. Сондай-ақ, кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші бүгінде 57,1 % құрайды. 2025 жылы бұл көрсеткішті 60,2 % — ға жеткізу жоспарға қойылған.

2024 жылы 39 көшеге 21,3 шақырым орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Атап айтқанда, Жаңаталап елді мекені – 4 көше, Арғымақ елді мекені – 4 көше, Ақжар елді мекені – 4 көше, Агро фирма қарасу – 11 көше, Құрсай елді мекені – 12 көше, Наурыз ш/а – 4 көше. Нәтижесінде асфальттанған көшелердің үлесі 80,2% -дан 83,4 % жететін болады. Сондай-ақ, 2024 жылы 48 көшеге 19,2 шақырым ирригациялық арықтар салу жоспарлануда.

Ауданда жалпы 597 көше бар. Оның көшесі 254 жарықтандырылған. 2024 жылы 21 шағын ауданда 165 шақырымды құрайтын 200 көшеге 3500 дана бағананы жарықтандыру жоспарлануда.

Бүгінде Тұран ауданы бойынша барлығы 383 ойын алаңшасы, 99 спорт алаңшалары бар. 2024 жылы Тұран ауданы бойынша жалпы 40 алаңша салу жоспарда. Оның ішінде, 30 ойын алаңша, 8 кешенді алаңша (балалар /спорт), 2 спорт алаңша. Сондай-ақ, Ю.Гагарин, Республика даңғылы, А.Байтұрсынов көшесі, Орманов, Б.Момышұлы және т.б көшелерге барлығы 4870 м2 аула аралық жолдар салынатын болады.

Айта кетейік, Шымкент қаласындағы бесінші ауданға атау беру туралы қала әкімі аппаратының басшысы Ғ. Мәуленқұлов баяндады. Ол қоғамдық тыңдау өткізіліп, жаңа ауданға «Алаш», «Жібек жолы», «Тұран», «Бадам», «Мәртөбе», «Яссы», «Құрлық» атаулары мен Ш.Қалдаяқов, А.Асқаров, Ж.Тәшенов есімдерін беру бойынша ұсыныс пікірлер түскенін, көпшілік «Тұран» атауын қолдағанын, одан бөлек жергілікті қоғамдастық өкілдері, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, қоғамдық ұйымдардың ұсынымдары да ескерілгенін атап өтті. Нәтижесінде сессия отырысында ҚР Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына «Тұран» атауын беру бойынша ұсынысты халық қалаулылары бір ауыздан қолдады.