РУС ENG
4 ноября, 2026

Шымкентте орман қорын өрттен қорғау мақсатында 20 жеке құрам дайындыққа келтірілген

Бүгінгі таңда, Шымкент қаласының аумағында Шымкент қаласы әкімдігінің теңгеріміндегі «Жасыл Белдеу» және Түркістан облысы әкімдігіне қарасты «Бадам» орман шаруашылықтары орналасқан. Екі орман шаруашылығының жалпы жер көлемі
4 мың 826 га, оның ішінде орманды алқабы  2 мың 999 га, ормансыз алқап 1 мың 827 га құрайды.

Орман қорын қорғау мақсатында екі шаруашылықтың балансында, жалпы 4 бірлік негізгі өрт сөндіру техникасы, 14 бірлік бейімделген техника және 279 өрт сөндіру құралдары мен 6 бірлік мотопомпа бар. Қазіргі таңда, жабдықтау мен 20 жеке құрамы дайындыққа келтірілген.

Бадам орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде: 10 жеке құрам, 1 дана Зил-433362 және 1 дана АЦ-3,2 өрт техникасы, 2-дана МТЗ  жер жырту тракторы, Сыйымдылығы 2 тонна УПП-3 өрт сөндіру прицепі — 1 данна, соқа ПН 3-35 — 1 дана  , аспалы су бүркегіштер — 25 дана бар.

«Жасыл Белдеу» орман шаруашылығы мекемесінде: 10 жеке құрам,  2 дана Зил-131 Өрт техникасы, 2-дана МТЗ  жер жырту тракторы, сыйымдылығы 5 тонна  УПП-3  өрт сөндіру прицепі – 3 дана бар. аспалы су бүркегіштер 10 дана бар.

Қала әкімдігімен «2024 жылдың өрт қауіпті маусымында Шымкент қаласы аумағында орман және дала өрттерінің туындау және оларды жою тәуекелдерін төмендету іс-шаралар туралы» жоспары әзірленіп бекітілді. Жоспарға сәйкес ағымдағы жылдың наурыз айының басында төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясының отырысы өткізіліп, онда «Орман және дала өрттерінің алдын алу» тақырыбында сұрақтар қаралып тиісті мекемелерге хаттамалық тапсырмалар берілді.

Өрт қауіпсіздігі саласындағы кәсібилікті арттыру үшін 2024 жылдың қаңтар-ақпан айлар аралығында ҚР ТЖМ Шымкент қалалық оқу орталығында орман шаруашылығы мекемелерінің  15 қызметкерлері оқудан өткізілді.

Қаладағы шыққан өртті уақытылы анықтау мен бақылау үшін екі орман шаруашылығы мекемелерінің теңгерімінде 5 дана бақылау мұнаралары, сондай-ақ Бадам орман шаруашылығы мекемесінде 1 дана фото және бейне-түсіру мүмкіндіктері бар пилотсыз ұшу айровизуалды аппараты бар.