РУС ENG
4 ноября, 2026

Қаратау ауданы: биыл аудан аумағында жалпы 45 көшеге 33,2 км. асфальт төсеу жұмыстарын жүргізу жоспарда

Шымкент қаласы Қаратау аудан аумағында жалпы ұзындығы – 631 шақырымды құрайтын –  595 көше бар. Оның 414 шақырым асфальт, 197 шақырым шағал тас болса,  20 шақырымды топырақ көшелер құрайды.

2023 жылы 50 шақырымды құрайтын 70 көше асфальттау жоспарланып, жұмыстар толығымен аяқталды. Сонымен қатар, ағымдағы жылы 41 көшеге  (33 км.) шағал тас төсеу жұмыстары атқарылды.

Ал, 2024 жылы аудан аумағында жалпы 45 көшеге 33,2 км. асфальт төсеу жұмыстарын жүргізу жоспарда. Бұл жұмыстардың аяқталуына орай, асфальттанған көшелер 77,6 % құрайды.

Аудан аумағындағы көшелерді жарықтандыру жұмыстарына келсек, аудан аумағында жалпы 595 көше бар. Оның 125 көшесі жарықтандырылған. Қамту көрсеткіші 21 %. 2023 жылы аудан аумағындағы маңызға ие 19 көшені жарықтандыру жұмыстары атқарылса, тұрғындар тарапынан 18 көше жарықтандырылған.

2024 жылы дейін аудан аумағындағы 266 көшені жарықтандыру жоспарланған. Бұл жұмыстардың аяқталуына орай, жарықтандырумен қамту көрсеткіші 68 % құрайды.

Бейнекамера орнатуға келсек, көпқабатты тұрғын үйлер аулалары мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және  бейберекет қоқыс тастау мәселесін алдын алу мақсатында цифрландыру басқармасы тарапынан 2024 жылы 130 бейнекамера орнату жоспарланған. Аталған бейнекамералар полиция департаментінің жедел басқару орталығына жалғану жұмыстары да жүргізілетін болады.

Аудан аумағына тротуар салу жұмыстарына келсек, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы негізінде 2024 жылы жалпы 7000 м2 ішкі орам көшелері мен көпқабатты тұрғын үй аулаларына тротуар салынады. Сонымен қатар, 494 (20 000 м2) көпқабатты тұрғын үй аулаларындағы жолдарға асфальт жолдары ретке келтіріліп ағымдағы жөндеу жүргізілетін болады.

Көп қабатты үйлерді жарықтандыруға келсек, Қаратау ауданы аумағында 603 үй бар. Оның ішінде 52 үй жарықтандырылған. 2023 жылы аудан аумағындағы 9 үй жарықтандырылса, 2024 жылы 13 үйді жарықтандыру жоспарланған. Олар: Арғынбеков көшесіндегі 8 үй, ӘІО аумағындағы 5 үй.