Қаратау ауданы: Инфрақұрылым жүйесімен қамту жұмыстары
Шымкент қаласы Қаратау ауданының аумағы 19 500 гектар, халық саны 213 мыңнан астам. Аудан аумағында 18 елді мекен. Көшелер саны – 595, жеке тұрғын үйлер саны – 29 762, көп қабатты үйлер саны – 603, ал демалыс орындарының саны – 11.
Инфрақұрылым жүйесімен қамту жұмыстарына келсек, ауыз сумен қамту көрсеткіші 98 %, электр жарығымен қамту көрсеткіші 98 %, табиғи газбен қамту көрсеткіші 96 %.
Ауыз сумен қамту мәселесіне келсек, Сайрам, Қызылсу тұрғын алаптары және Бозарық саяжайының жаңақұрылыс аумағы ауыз сумен қамтуды қажет етеді. 2023 жылы Сайрам, Қызылсу және Бозарық елді мекенінің жаңақұрылыс аумағында ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстары басталған. Жұмыстар ағымдағы жылы аяқталады. Бұл жұмыстардың аяқталуына орай, ауыз сумен қамту көрсеткіші 100 % құрайды.
Бозарық саяжайы мен Сайрам тұрғын алабының жаңақұрылыс аумақтары электр жарығымен қамтуды қажет етеді. 2023 жылы Бозарық саяжайының жаңақұрылыс аумағына электр жарығының құрылыс жұмыстары басталған. Қазіргі таңда, аталған аумақта абоненттеу жұмыстары атқарылуда. Жұмыстардың аяқталуына орай, қамту көрсеткіші 100 % құрайды.
Табиғи газбен қамту көрсеткіші 96 %. Қамтуды қажет ететін елді мекендер: Тассай Т/А, Бозарық, Таскен, Қызылсу, Шапырашты, Өтеміс, Достық, Мәртөбе, Мирас елді мекендерінің жаңақұрылыс аумақтары. Тассай тұрғын алабы, Бозарық саяжайы жаңқұрылыс аумағын табиғи газбен қамту жұмыстары жүруде. Жұмыстарды 2024 жылдың III тоқсанына дейін аяқтау жоспарланған. Аталған жұмыстардың аяқталуына орай, табиғи газбен қамту көрсеткіші 98 % болады.
Аудан аумағындағы аулаларды абаттандыру жұмыстарына келсек, аудан аумағында 603 көп қабатты үй 210 аулаға біріктірілген. 210 ауланың 189 ауласы абаттандырылған. 2024 жылы халық қатысатын бюджет жобасы аясында ағымдағы жылы 21 балалар ойын алаңы (көп қабатты үй аумағында 5 аула) мен 9 ашық спорт алаңшасын салу жоспарланған. 2025 жылдың соңына дейін көп қабатты үй аулаларын 100 % абаттандыру жоспарланған.
Аудан аумағында гүлзар салу жұмыстарына келсек, Қаратау ауданы аумағында 2 саябақ, 9 гүлзар бар. Аудан тұрғындарына қолайлы орта қалыптастыру мақсатында аудан аумағында 2023 жылы 6 гүлзар пайдалануға берілсе, ағымдағы жылы 8 гүлзар салу жоспарланған.
