Еңбекші ауданы: 2024 жылға ұзындығы 56 шақырымды құрайтын 78 көшені жөндеу жоспарлануда
Шымкент қаласы Еңбекші ауданында ұзындығы 732,91 шақырымды құрайтын 728 көшелер мен өткелдер бар. Жолдардың 535,77 шақырымы (73,1%) асфальт, 158,38 шақырымы (21,6%) тас, 38,76 шақырымы (5,3%) топырақты құрайды.
Жолдардың жағдайын жақсартуға жылдан жылға жақсы көңіл бөлініп келеді. Мәселен 2021 жылы 4 магистралдық және
53 қалаішілік көше асфальтталып, жөнделді (57,7 шқ.,1978,4 млн.теңге). 2023 жылы ұзындығы 45,5 шақырымды құрайтын 73 көше орташа жөндеуден өтті.
2024 жылға ұзындығы 56 шақырымды құрайтын 78 көшені жөндеу жоспарлануда. Қазіргі таңда сметалық құжаттамалар әзірленіп, сараптама қарауында.
Сонымен қатар, 12 көшеге ұзындығы 9,3 шақырымды құрайтын шағал тас төсеу («Еңбекші» КММ) және аудан аумағында көшелерге 10,3 шақырым аяқ жол салу («Сәтті Құрылыс НС» ЖШС) жоспарланған. Қазіргі таңда аяқ жолдарды салу жұмыстары «12» және «Ұлағат» шағынауданнан бастау алды.
Кәріз жүйелерімен қамтамасыз ету мәселесіне келсек, ауданда кәріз жүйесімен қамтылу жағдайы 41%-ды құрайды. Аудан аумағында «Ұлағат» шағынауданында (2248 аб. жоба құны 1 473,1 млн. тң, «Алем Строй1»ЖШС), кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстары аяқталып, қазылған жерлерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Жұлдыз тұрғын алабындағы көпқабатты 27 үйді (175 пәтер) кәріз жүйесімен қамту мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда нысан құрылысы аяқталып, пәтер иелері абоненттеу жұмыстарын жүргізді («Спецкоммунстрой» ЖШС-і, Жобаның құны – 384,7 млн.тң.). Базарқақпа т.а. Достық көшесінің бойындағы көпқабатты тұрғын үйлерге (270 абонент) кәріз жүйесін жүргізу «Шабыт-21» ЖШС-і тарапынан ЖСҚ әзірленуде.
Жарықтандыру мәселесіне келсек, қазіргі таңда аудан аумағында жарықтандырылған көше саны — 117. 2021 жылы 18 көше жарықтандырылса, ал мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасы аясында 2022 жылы әлеуметтік нысандарға жақын орналасқан 22 көше жарықтандырылды. 2023 жылы – 28 көшені жарықтандырылды. 2024 жылға 200 көшені жарықтандыру жоспарлануда. Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан жарықтандыру жұмыстары бастау алды. Қазіргі таңда Қазанқап ақын, Ынтымақ, Росси көшелерінде жұмыстар жүргізілуде.
