Еңбекші ауданын табиғи газ жүйесімен қамту көрсеткіші 90,7% құрайды
Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, Еңбекші ауданында инфрақұрылым жүйелерін дамыту туралы 2022-2025 жылдарға арналған «Жол картасы» қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасымен бекітіліп, жұмыстар жүргізілуде. Ауданда табиғи газ жүйесімен қамту көрсеткіші 90,7% құрайды. Оның ішінде: мемлекеттік жүйеде 81,8%, жекеменшік жүйедегі 8,9%-ды құрайды.
Қамтылмаған 9,3%-ды мемлекеттік жүйемен қамту 2024-2025 жылдарға арналған жұмыс жоспарына енгізілді. 2023 жылы Оңтүстік, Қарабастау, Жұлдыз, Жалын, Қаратөбе т.а. жаңақұрылыс аймағындағы 3739 абонентке жобалау-сметалық құжат «Бірлестік» және «SK BEST SPREC STORY KZ» ЖШС-тері әзірлеп, сараптананың оң қорытындысы алынды. ОЛар: Жұлдыз, Жалын т.а. – 2,0 млрд., Қаратөбе т.а. – 71,5 млн.тг., Еламан, Еңлік гүл (Оңтүстік ш.а.) – 232,6 млн.тг., Қарабастау т.а. – 1,3 млрд.тг.
Қазіргі таңда мердігер мекеме «Шымкентгаз» ЖШС тарапынан Қаратөбе т.а. Жаңақұрылыс аймағын көгілдір отынмен қамту мақсатында құрылыс жұмыстарын жүргізуде.
Қалған тұрғын алаптарға құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін бастапқы қаржысы қаралып, мемлекеттік сатып алу іс-шарасы жүргізілуде.
Жалпы аудан бойынша 2025 жылдың қорытындысымен жаңақұрылыс аймақтарындағы қамтылмаған 9,3%-ды құрайтын 5992 абонентті табиғи газбен қамтып, қамту көрсеткішін 100%-ға жеткізу жоспарланған.
Айта кетейік, ауданда 18 тұрғын алаптар және 11 шағынаудандар бар. Еңбекші ауданында 728 көшелер мен өткелдер, 1 саябақ 2 гүлзар, 283 көпқабатты және 37061 жеке тұрғын үйлер орналасқан. Тұрғындармен тұрақты түрде қарым-қатынаста бола отырып, Еңбекші ауданы әкімінің аппараты келесі жұмыстарды атқаруда. Аудан аумағындағы 29 шағынаудан мен тұрғын алаптардың халық шоғырланған негізгі бөлігі инженерлік жүйелермен қамтылған. Атап айтсақ: ауыз сумен 97%-ға, электр жарығымен 99,8%-ға, табиғи газбен 90,7%-ға, кәріз жүйесімен 41%-ға, асфальт жолмен 73,1%-ға қамтылған.
