Еңбекші ауданы: Электр жарығымен 99,8%-ға қамтылған
Шымкент қаласы, Еңбекші аудан аумағындағы 29 шағынаудан мен тұрғын алаптардың халық шоғырланған негізгі бөлігі инженерлік жүйелермен қамтылған. Атап айтсақ: ауыз сумен 97%-ға, электр жарығымен 99,8%-ға, табиғи газбен 90,7%-ға, кәріз жүйесімен 41%-ға, асфальт жолмен 73,1%-ға қамтылған.
Аудандағы 29 шағынаудан мен тұрғын алаптардың электр жүйесімен қамту көрсеткіші мемлекеттік 98,6%, жекеменшік жүйе 1,2%, ал, қамтылмаған 0,2% (жаңақұрылыс учаскелері) құрады. 2022 жылы аудан аумағындағы 9 елді мекенде жалпы 2013 абонентке сапалы электр желісі тартылды. (Абдуллабад-484 аб., Тұрдыабад-411 аб, Бадам-1-153 аб., Оңтүстік ш/а-380 аб., Қаратөбе-124 аб., Тоғыс-11 аб., Маятас-93 аб., Айнатас-17 аб., Бадам-340 аб.)
Өткен жылы Исфиджаб, Достық (1356 абонент) тұрғын алаптардағы жеке меншік жүйедегі электр желісің ауыстыру үшін «DIAS Проект» ЖШС мердігер мекемесі тарапынан ЖСҚ әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды (Жоба құны: 3,5 млрд.тг.).
Қазіргі таңда, «Сайрам» жобасы бойынша бастапқы қаржы қаралып, «Қазеурострой» ЖШС мердігер мекеме болып анықталды. Құрылыс жұмыстары 2025 жылға өтпелі.
Одан бөлек, ОЖТ тарапынан 9 трансформатор ауыстырылып, 16,7 шақырым желі жаңартылды.
Қарабастау Жаңақұрылысында (120 абонент) сәулет-жоспарлау тапсырмасы (АПЗ) әзірлеу және ОЖТ тарапынан 19 трансформатор мен 33,4 шақырым желіні жаңарту жоспарлануда.
Айта кетейік, Шымкент қаласы Еңбекші ауданының аумағы 22 800 гектар құрап, халық саны 228 830 болды. Ауданда 18 тұрғын алаптар және 11 шағынаудандар бар. Сондай-ақ, 728 көшелер мен өткелдер, 1 саябақ 2 гүлзар, 283 көпқабатты және 37061 жеке тұрғын үйлер орналасқан. Тұрғындармен тұрақты түрде қарым-қатынаста бола отырып, Еңбекші ауданы әкімінің аппараты келесі жұмыстарды атқаруда. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, Еңбекші ауданында инфрақұрылым жүйелерін дамыту туралы 2022-2025 жылдарға арналған «Жол картасы» қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасымен бекітіліп, жұмыстар жүргізілуде.
