Еңбекші ауданы: Ауыз сумен 97%-ға қамтылған
Шымкент қаласы Еңбекші ауданының аумағы 22 800 гектар құрап, халық саны 228 830 болды. Ауданда 18 тұрғын алаптар және 11 шағынаудандар бар.
Еңбекші ауданында 728 көшелер мен өткелдер, 1 саябақ 2 гүлзар, 283 көпқабатты және 37061 жеке тұрғын үйлер орналасқан. Тұрғындармен тұрақты түрде қарым-қатынаста бола отырып, Еңбекші ауданы әкімінің аппараты келесі жұмыстарды атқаруда.
Аудан аумағындағы 29 шағынаудан мен тұрғын алаптардың халық шоғырланған негізгі бөлігі инженерлік жүйелермен қамтылған. Атап айтсақ: ауыз сумен 97%-ға, электр жарығымен 99,8%-ға, табиғи газбен 90,7%-ға, кәріз жүйесімен 41%-ға, асфальт жолмен 73,1%-ға қамтылған.
Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, Еңбекші ауданында инфрақұрылым жүйелерін дамыту туралы 2022-2025 жылдарға арналған «Жол картасы» қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасымен бекітіліп, жұмыстар жүргізілуде.
Ауыз су мәселесіне келсек, 2022 жылы ауыз сумен қамтылу көрсеткіші 94,5% құраған. 2022 жылы қалаға қосылған 7 елді мекеннің құрылысы аяқталу жоспарлануда. Жаңақұрылыс аймақтарын (Жалпы 3724 абонент) Қарабастау-1590 аб., Жұлдыз-484 аб., Қаратөбе-144 аб., Тоғыс-117 аб., Жыланбұзған-16 аб., Айнатас-17 аб.,Исфиджаб-1356 аб.) ауыз сумен қамту бойынша құрылыс жұмыстарын «Сарыағаш-Аман» ЖШС-і жүргізіп, 2023 жылы аяқталды.
2023 жылы аудан аумағына жаңадан қосылған «Исфиджаб» тұрғын алабын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу нәтижесінде «Мелиоратор» ЖШС-і мердігер мекеме болып анықталып, құрылыс жұмыстары жүргізілді. (Жоба құны –3,0 млрд.тг.)
2023 жылдың қорытындысымен халық шоғырланған аумақтар толық ауыз сумен қамтылды.
Қазіргі таңда қамту көрсеткіші 97%-ды құрайды.
2024 жылы Жастар көшесі мен «Қазығұрт» станция аумағындағы 102 абонентті және Оңтүстік-Жаңақұрылыстағы 989 абонентті сапалы ауыз сумен қамту мақсатында ЖСҚ әзірлеу жоспарланған.
